Қалалық қоғамдық-саяси газет

Білімді жас – ел болашағы

0 215

Мемлекеттің өркениеттілігі жастардың алған білімімен өлшенеді. Ия, білікті маман қай қоғамда да қажет, қат саналады. Елімізде жастардың лайықты білім алуы үшін аз қолдау көрсетіліп жатқан жоқ. Қоғамнан өз орныңды тауып, табысқа жетуге мүмкіндік мол. Ең бастысы-талап пен ықылас қажет.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тұрғыда білім беретін оқу орындары жаңа экономикалық бағдардың міндеттеріне сай болу қажеттігін үнемі айтып келеді.
Биылғы Ққазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында Қасым-Жомарт Кемелұлы жоғары оқу орындарындағы білім беру сапасын басым бағыттардың бірі ретінде атап өтті.
-Білім алуға жылдық өсімі 2-3 пайыз болатын жеңілдетілген несие де беріледі. Бұл шаралар жоғары білімнің қолжетімділігін арттырып қана қоймай, қоғамда әріптестік және өзара жауапкершілік қағидатын нығайта түседі,-деген Мемлекет басшысы студенттерді жатақханамен қамтудың маңыздылығына тоқталды.
Нарықтағы тұрақсыздық ақылы негізде оқитын студенттер үшін едәуір салмақ. Мұндай жағдай өз кезегінде жастардың аласыз білім алуына кедергі болары сөзсіз. Ал, биылғы Жолдауда көтерілген мәселе түйткілдерді реттеуге негіз болады деп сенемін. Сұранысқа сай, білікті маман даярлау-бүгінгі күн талабы. Ал, қабілетті жастарды қалыптастыру ұстазға жүктелген жауапкершілік.
Бұл орайда Тараз өңірлік университетінің оқытушылары өзіне артылған міндеттің салмағын жақсы түсінеді. Тарихы бай іргелі білім ордасының профессор-оқытушылар қауымы тәжірибе алмасып, білімді маман әзірлеу ісінше белсенді жұмыс атқарып келеді.
Қазіргі қоғам талабы жоғары, тәжірибелі маманды бағалайды. Оларға таңдау да жоғары. Өйткені, бүгіннің басты қаруы-білім. Қабілет және біліммен жарақталған елдің бәсі де биік. Мұны әлемдік тәжірибенің өзі дәлелдеп отыр.
Сондықтан, жастар алған білімін елдің игілігіне, ортақ мақсатқа арнауы тиіс. Елге еңбек етуден үлкен абырой жоқ, құрметтің үлкені де-сол. Бүгінгі жас-ертеңгі ел болашағы. Мұны жоғары оқу орны қабырғасында оқып жүрген өрендеріміз жақсы түсінуі керек. Өйткені, баланың болашағына жеке отбасы ғана емес, жалпы ел үміт артады.
Ғани Мұратбаевтың осыдан бір ғасыр бұрын айтып кеткен пайымды пікірі құнын жойған жоқ, керісінше әр адамды қанаттандыратын ұлағатты сөзге айналды.
-Жастардың бүгінгі міндеті-оқу, білім, тәрбие жұмыстары. Жастар бүгін сөзден іске көшетін заман. Білімсіз істің реті болмайды. Сондықтан, жастардың жалпы назары білім алуға аударылуы керек,-деген осы бір тағылымды тіркесті жадыға тоқығанымыз жөн. Ал, жөн іс адамды жаңылдырмайды, жарыққа жетелейді, табысқа бастайды.

Жанпейісова Айжан Орынбекқызы,

Дулати университеті «Электроэнергетика» кафедрасының оқытушысы.

 

 

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.