Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бердібек Сапарбаев «Өнер барысы» республикалық турнирінің ашылуына қатысты

0 82

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Өнер барысы-2021» республикалық турнирінің ашылуына қатысты,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі.

Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында ұйымдастырылған шарада аймақ басшысы баршаны тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Бердібек Сапарбаев ел дамуындағы жетістіктерді айрықша атап өтті.

– Тәуелсіздік – біздің барымыз, бар байлығымыз, ата-бабамыздың санжылдық арманы.

Осы уақытқа дейін жеткен жеткен жетістіктеріміз бен игіліктеріміздің барлығы Тәуелсіздігіміздің арқасы.

Бұл отыз жылдың әр сәті біз үшін жеңіс, әр жылы тұтас дәуір. Осы Тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегін атап өту керек.

Осынау тарих үшін қас-қағым сәт болып саналатын 30 жылдың ішінде ШЕКАРАМЫЗ шегенделді, ЕЛОРДАМЫЗ Алматыдан Арқаға көшті. Тәуелсіз Қазақстанның аты әлемге әйгіленіп, ОБСЕ мен ЭКСПО өтті, шешімін таппаған халықаралық шиеленістердің шешімін Нұр-Сұлтанда талқыладық.

Тұңғыш Президентіміздің сындарлы ішкі және сыртқы саясатының арқасында әлемдік саясатта дамудың «Қазақстан жолы» атты моделі қалыптасты.

Бүгінде осы дамудың «Қазақстандық жолы» Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік бағдарында Әділдікпен Сабақтаса отырып, ел тарихының Өрлеуінде әрі қарай сәтті жалғасын табуда,-деген облыс әкімі үшінші рет ұйымдастырылып отырған «Өнер барысы» турнирінің авторы белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имашевқа ризашылығын жеткізіп, шараның тарихи Тараз төрінде өтуінің де маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ, өңір спортының жетістіктеріне, саланы дамыту жолындағы  жемісті жұмыстарға қысқаша тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Бұдан соң, боз кілемдегі белдесулер басталды.

Турнир барысында республикаға танымал өнер адамдары, еліміздің мега жұлдыздары «Қазақша күрес» ережесі бойынша боз кілемде бақ сынасуда. Биыл жарыс 4 салмақ: аса жеңіл, жеңіл, ауыр, аса ауыр салмақ  бойынша өтуде.

Айта кетейік, қатысушылар қатарында кино, театр өнерінің, спорт жұлдыздары, блогерлер бар. Нақтырақ айтқанда, түрлі салмақ бойынша Еркебұлан Дайыров, Медет Жанабай, Артур Толепов, Азимжан Сайдбаев,  Қайрат Мырзахан, Асылхан Төлепов, Азат Жұмаділ, Талғат Мықи,  Асхат Нурмашев, Бейбит Көшқалиев, Аян Өтепберген, Арман Қоңыр, Рустем Жанаманов, Мұхтар Ниязов, Дәулет Бижанов, Әділет Рахметолла, Құрал Молжанов, Ғалым Махамбет, Мейіржан Төребаев, Мансар Орынхан, Әділжан Омаров, Есентай Ниязбаев Шаһаризат Сейдахмет, Тәуекел Мүсілім, Қанат Әлжаппаров, Олжас Сүлеймановтар өзара күш сынасады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.