Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бердібек Сапарбаев «Қазфосфат» ЖШС жұмысшыларымен кездесті

0 357

  Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Қазфосфат» ЖШС жұмысшыларымен кездесіп, кәсіпорын басшыларының есебін тыңдады,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Қазфосфат» ЖШС қызметкерлерінің жалақысы 2021 жылы 40 пайызға, биылғы жылы 15 пайызға өсті (барлығы 6200 адам жұмыс істейді).
Бас директор Нұрхан Нұрланов әлеуметтік міндеттемелерді орындауға ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті. Небәрі үш айдың ішінде Қаратау қаласындағы 72 пәтерлік үй күрделі жөндеуден өтті. Бірінші кезекте көп балалы отбасылар, өндіріс ардагерлері, сондай-ақ мүгедектер пәтер алды. Сонымен қатар, қалада «Қазфосфат» ЖШС қаржысына «Тәуелсіздікке 30 жыл» саябағы салынды. Жаңатас қаласында жұмысшыларға арналған 220 пәтерлік тұрғын үй кешенін салу жоспарлануда.«Таразға Тарту» жобасы аясында компания Үшбұлақ жағалауын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.
Жалпы, өткен жылы әлеуметтік нысандардың құрылысына 6,8 миллион АҚШ доллары бөлінсе, биыл 21,2 миллион АҚШ доллары қарастырылған.
Тағы бір айта кетерлігі, мерекелер қарсаңында зауыт жұмысшылары сыйақы алды.
Қазіргі уақытта қуаттылығы жылына 500 мың тонна аммофос шығаратын 77,6 миллион АҚШ долларын құрайтын жаңа желі салынуда. Барлығы 20 мердігер ұйым, 600-ден астам құрылысшы жұмылдырылған. Желіні іске қосқаннан кейін 500-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылады.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.