Қалалық қоғамдық-саяси газет

Белгілі құсбегі Жапар Сатылғанов – «Қазақстанның Құрметті азаматы»

0 1  758

Белгілі құсбегі, этнограф, зерттеуші-натуралис Жапар Сатылғановтың есімі тек жамбылдықтарға ғана емес исі қазаққа жақсы таныс. Ұлттық спорттың кеңінен қанат жаюына зор үлес қосып, абырой биігіне көтерілген арда азаматтың еңбегі ескерусіз қалған емес. Өзі өмірге келген Мойынқұм ауданының Құрметті азаматы, республикалық шығармашыл жастардың «Жігер» фестивалінің лауреаты атанып, «Елімжан» орденін кеудесіне тағуы – жоғарыдағы сөзіміздің дәлелі. Бедел биігіне көтерілген жерлесіміз күні кеше ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Қазақстанның Құрметті азаматы» атты байқауында топ жарып, тағы бір мәрте құрмет төрінен орын алды. Байқау жеңімпазына арнайы төсбелгі мен куәлік табыс етілді.
Жапар Тілеужанұлын осынау бір жетістігімен құттықтап, бұдан да биік белестерді бағындыруды тілейміз!

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.