Қалалық қоғамдық-саяси газет

Белгілі ақын, жазушы Рафаэль Ниязбек өмірден өтті

0 188

Қазақстандық белгілі ақын, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рафаэль Ниязбек өмірден өтті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат   агенттігі Tengrinews.kz   сайтына сілтеме жасап.

Қаза туралы ақпаратты Қазақстан Жазушылар одағы растаған.

«79 жасқа қараған шағында көрнекті ақын, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, Шешенстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Рафаэль Ниязбеков дүниеден озды», – делінген Қазақстан Жазушылар одағы Facebook-парақшасында.

Рафаэль Ниязбек 1943 жылы 24 наурызда Жамбыл облысы, Талас ауданының қазіргі Тамабек ауылында дүниеге келген. Ол 1978 жылы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін тәмамдаған. 1967 жылы Қазақ радиосы әдебиет редакциясына қызметке орналасқан.

1971-1977 жылдары «Жұлдыз» журналында, 1977-1991 жылдары «Жазушы» баспасында редактор болып жұмыс істеген.

Рафаэль Ниязбек 1972 жылы сыншылардың Бүкілодақтық кеңесіне қатысқан. Қазақстан Жазушылар одағының Iлияс Жансүгіров атындағы сыйлығының иегері. Шешенстан Республикасы Жоғарғы мемлекеттік «Ұлт намысы» орденінің иегері. Шешенстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Бауыржан Момышұлының 90 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшәйрасының бас жүлдегері. Тараз қаласының 2000 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшәйрасының бірінші жүлдегері.

Оның шығармалары орыс, украин, шешен, түрік тілдеріне аударылған. М.Румянцеваның, А.Чепуровтың, Қ.Құлиевтың, Д.Кугильтиновтың, К.Туйорскийдің және басқа да ақындар өлеңін тәржімалаған. Қазақ руханиятында өшпес із, өлмес мұра қалдырған қаламгердің жарқын бейнесі мәңгі жадымызда сақталады, делінген хабарламада.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.