Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бейжіңде Ахмет Байтұрсынұлы мен Роза Бағлановаға арналған шығармашылық кеш өтті

0 320

А. Байтұрсынұлының 150 жылдығы және Р. Бағланованың 100 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінде салтанатты іс-шара өтті деп хабарлады turkystan.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, іс-шара аясында қазақ диаспорасының өкілдері мен қазақстандық жас ұрпақ үшін ұлы қазақстандық қайраткерлердің өмірі мен шығармашылығына арналған дәріс ұйымдастырылып, қазақ жазуының дамуына елеулі үлес қосқан А.Байтұрсынұлы туралы деректі фильм көрсетілді.

Шығармашылық кеш шеңберінде А. Байтұрсынұлы және Р. Бағланованың мерейтойлық күндеріне арналған пошталық хатқалталардың тұсаукесері өткізілді. Аталған хатқалталарды Елшілік қытайлық «Beijing Diplomatic Gift Co. Ltd.» компаниясымен бірлесіп басып шығарды.

«А. Байтұрсынұлының танымал шығармаларын насихаттап, ән шырқырап, би билеген қазақстандық және қытай жастары мерекелік іс-шараға ерекше көңіл күй сыйлады», – делінген хабарламада.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.