Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Бауырластықтың шынайы рухы»: БҰҰ басшысы Тоқаевқа алғыс білдірді

0 1  267

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа БҰҰ миссиясының қашықтағы кеңсесін Алматыда орналастыру туралы шешім қабылдағаны үшін алғыс білдірді. Бұл туралы ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясына қатысу шеңберіндегі кездесу кезінде айтты, деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. Аталған шара аясында Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті. Гуттериш Қазақстан тұрақтылықтың символы және көпжақтылықты ұстанудың үлгісі болып табылатынын ерекше атап өтті,- деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстанның бұл шешімін біз тек көмек ретінде қана бағаламаймыз. Сіз БҰҰ мен Қазақстан арасындағы тамаша қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал ететін дипломатиялық бауырластықтың шынайы рухын көрсеттіңіз», – деді Гутерриш. Өз кезегінде министр президенттің БҰҰ-ның Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттігін құру жөніндегі бастамасының іске асырылу барысы туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.