Қалалық қоғамдық-саяси газет

Батыр ұлдарға тағзым

0 155

Жамбыл облысы құқық қорғау органдары және күш құрылымдары қызметкерлері арасында ішкі істер органдары қатарында ерлікпен қаза тапқан рухы өр азаматтарды еске алуға арналған шағын футболдан турнир өтті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Бұл күні Динамо спорт кешеніне Халық қаһарманы, полиция капитаны Ғазиз Байтасов, ll дәрежелі Айбын орденінін алған полиция аға сержанты Полат Аянкулов, полиция сержанты Жақсыбек Байсейтов сынды батыр ұлдардың туыстары да арнайы келді. Турнирдің ашылу салтанатында Полиция басқармасынының басшылары мен сала ардагерлері сөз сөйлеп, осыдан он жыл бұрын қызмет барысында ерлікпен қаза тапқан батыр ұлдарды ұлықтау азаматтықтың парыз екенін айтты. Сондай-ақ жарысқа қатысушы командаларға табыс тіледі.

Турнирде құқық қорғау органдары және күш құрылымдарынан алты команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Бәсі жоғары бәсекенің ақтық ойынында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қарсылас шақ келтірмей, бірінші орынды қанжығасына байлады. Екінші орынды облыстық полиция департаментінің қызметкерлері еншілесе, үшінші орын Тараз стансасы желілік полиция бөлімінің ойыншыларына бұйырды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.