Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бас жүлде – Құрбанәлі Шахабайда!

0 92

Кеше Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының ұйымдастыруымен және облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Шынның жүзі – Шераға» тақырыбында облыстық жас ақындардың онлайн жыр мүшәйрасының марапаттау рәсімі өтті.

Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның мұрасын дәріптеп, ұлттық поэзияны насихаттауға бағытталған жыр бәйгесіне белгілі ақын Қайырбек Асанов, ҚР Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы Хамит Есаман және облыстық «Aq jol» газетінің бас редакторы Оралхан Дәуіт қазылық етті.
Шарада сөз алған орталық директоры Сауран Қалиев аталған байқаудың маңыздылығына кеңінен тоқталып өтті.
Мүшәйра қорытындысы бойынша бас жүлдені әріптесіміз, «Jambyl-Taraz» газетінің тілшісі Құрбанәлі Шахабай еншілеп, жеке жыр жинағын шығаруға берілген 600 мың теңгелік сертификатқа ие болды. Сондай-ақ Ғалия Абылай 1-орынға, Дидар Апбасов 2-орынға, Шапағат Әбдір 3-орынға лайық деп танылды. Ал Елдар Боранбек, Ақтоты Жаңабай және Динара Батырхайыровалар ынталандыру сыйлығымен марапатталды.
Байқау жүлдегерлеріне бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Сәндібек Піренов

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.