Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бас мүфти Жамбыл облысының спортшыларымен кездесті

0 217

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Жамбыл облысына сапары барысында «Тараз арена» спорт кешенінде Жамбыл облысының спортшыларымен кездесті.

Шарада ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, Жамбыл облысы әкімдігінің Дін істері басқармасының басшысы Сәкен Сәрсенбайұлы болды.

«Зиялы қауым ұлттың қайрағы болса, спорт майталмандары – ұлттың қайраты. Себебі спорт – қазақтың рухы. Сіздер әлемдік бәсекелерде жеңіске жетсеңіздер, бүкіл халық қуанады, қайраттанады, рухы көтеріледі. Демек сіздер спортта түрен салу арқылы тұтас елдің намысын қорғайсыздар. «Ерді намыс өлтіреді» дейді бабаларымыз. Біздің қазақ намысты бәрінен биік қойған. Намысы бар адам Отанын сүйеді. Отанын сүйген адам ұлтының құндылықтарын қастерлейді. Тілін, дінін, дәстүрін, мәдениетін құрметтейді» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

«Қазақстан Барысының» үш дүркін чемпионы Бейбіт Ыстыбаев бастаған спортшылар Бас мүфтиге өз сауалдарын қойып, дәйекті-дәлді жауаптарын алды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.