Қалалық қоғамдық-саяси газет

Басқарма қызметкерлерін қара жұмысқа салған прокурор қызметінен қуылды

0 1  332

Басқарма қызметкерлерін қара жұмысқа салған прокурор қызметінен қуылды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі. Әлеуметтік желілерде Өзбекстан Республикасы Әндіжан облысы Қорғантөбе ауданының прокуроры Сардор Режаббаев абаттандыру басқармасының қызметкерлерін өзінің үйінде жұмыс істеуге мәжбүрлегені туралы ақпарат тарап кеткен еді. Бұл жайында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында да айтылған болатын.

Қолда бар мәліметтерге сәйкес, прокурор басқарма қызметкерлерін өзінің бақшасында қара жұмысқа салып қойған. Аудандық прокуратурада аталған жағдайға байланысты Режжаббаев ешкімді мәжбүрлемегенін, керісінше абаттандыру басқармасының жұмыскерлері өз еріктерімен қол ұшын созуға келгендерін айтқан.

Осыдан кейін үнсіздік режиміне көшкен жергілікті атқарушы органдар оқиғаға байланысты ләм-мим деп ауыз ашпаған еді. Алайда жүргізілген қызметтік тексеру нәтижесінде прокурор Сардор Режаббаевтың расында қызметкерлерді мәжбірлі түрде жұмысқа жеккені анықталып, қызметінен қуылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.