Қалалық қоғамдық-саяси газет

Басқарма басшысының орынбасары тағайындалды

0 616

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Амановтың 2021 жылғы 13 қыркүйектегі №306-ж/қ бұйрығымен Мұхашев Нұржан Нұрланұлы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасына сілтеме жасап.
Нұржан Нұрланұлы 1988 жылы Жамбыл облысы, Сарысу ауданында дүниеге келген. Қ.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы Жамбыл ауданы, Айша бибі селолық округі әкімінің аппаратында маман-іс жүргізушінің көмекшісі болып бастаған.
2011-2012 жылдары Жамбыл ауданы, Айша бибі селолық округі әкімінің аппаратында әскери есеп жүргізу бөлімінің маманы, бас маман-салық агенті болып жұмыс жасаған;
2012-2017 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппараты әлеуметтік-экономикалық мониторингі бөлімінің жетекші маманның міндетін атқарушы, бас маман, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы;
2017-2019 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппараты агроөнеркәсіп бөлімінің бас маманы, облыс әкімінің бас инспекторы;
2019 жылдың қыркүйек айынан бастап Жамбыл облысы әкімі аппараты агроөнеркәсіп кешенін дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.