Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Барысхан» тұрғын алқабындағы көшелерге асфальт төселуде

0 193
Тараз қаласында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Әсіресе, шаһар маңындағы шалғай алқаптарға ерекше екпін түсірілген.
Айталық, биыл «Барысхан» алқабында 7 көшенің асфальт жабындысын төсеу жоспарланған. Қазіргі уақытта 2 көшеге асфальт жабындысы төселсе, қалған көшелерде жол негіздемесі дайындалуда. Осы ретте, тұрғындардың сұранысы бойынша қоғамдық көлік қатынайтын жолдарға басымдық берілгенін айта кеткен жөн.
Құрылыс мердігері – «Uniserv» ЖШС, техникалық қадағалаушы – «Аз и Мур Строй» ЖШС, ал авторлық қадағалаушы – «Құрылыс инвест жоба» ЖШС. Бүгінгі күні жол жөндеу жұмыстарына 20-ға жуық адам мен 10-ға жуық техника тартылған.
Осылайша, жоба бойынша алқапта 2024-2025 жылдар аралығында жалпы ұзындығы 16,2 километрді құрайтын 23 көше жөндеуден өтіп, тұрғындар игілігіне берілмек.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.