Қалалық қоғамдық-саяси газет

Балдың да бабы бар

0 220

Ежелгі дәуірде де адамдар араны арнайы өсіруді үйренді. Себебі балды адамдар ғасырлар бойы дәрі-дәрмек ретінде қолданып, тәтті тағамға қоспа ретінде пайдалануда. Ал араны асырап, күтіп, баптап, тәтті шырынын, яғни бал алып жүрген омарташылар жайлы сіз не білесіз?

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Жалпы омарташы ара асырап, бал алу процесінде алдымен нені жақсы білуі керек? Негізі ара асыраушының ең бірінші жұмысы омарта орналасатын орынды таңдаудан басталады. Бұл үшін омарта орналастырылатын жер телімі желден жақсы қорғалған, құрғақ жерден таңдалғаны дұрыс.
Ерлі-зайыпты Катерина мен Павел – омарташылар. Олардың айтуынша, омартаның айналасында орман немесе ағаш шоғырларының, бау-бақшалардың, аралар бал тарта алатындай гүлдер мен шөптер өскен далалық аумақтардың болуы шарт. Одан кейін омартаны орналастырған кезде ара ұяларының құрылысына мән берудің де маңызы зор көрінеді. Өйткені оның сапасы жұмыс істеуге қабілетті аралар тобының қалыптасуына, сонымен қатар омарташының еңбек өнімділігінің артуына ықпал етеді.

– Бал жинау – ара ұясының жылы маусымдағы гүл шірнесі мен тозаңын жинаудағы өтетін табиғи жағдай. Аралардың ішінде бал жинауға тек «жұмысшы» аралар ғана қатысады. Олар өзінің бал «сауытына» – ол артқы екі аяғында болатын арнайы қуыс, өз салмағының жартысындай шірне жинай алады. Олар жинаған шірнесін ұядағы жас араға қалдырып, қайтадан ұшып кетеді. Жас аралар шірнені тор көзшелерге салады, желдетіп, артық ылғалын жояды. Араның сілекей безі шірнедегі қант құрамын өзгертіп, оны балға айналдырады. Көзшелер балға толғаннан кейін ара оны балауыз қақпақшамен жабады. Мұндай бал ұзақ сақталады. Араның бал жинауы ара ұясының күйіне, ауа райына, өсімдік түріне және оның омартаға қашықтығына, шірненің бөліну дәрежесіне байланысты. Бір маусымда ара ұясы 100-200 кг бал жинайды. Араның бал жинауы өсімдіктердің жаппай гүлдеуіне тұстас келеді, сондықтан оны үш кезеңге бөлуге болады. Көктемгі жинау өсімдіктің алғашқы гүлдеу кезеңінде басталады. Ерте көктемде, тал, үйеңкі, алма, алмұрт ағаштары гүлдеген кезде аралар екі аптадай тынымсыз күніне 5-6 келі бал жинайды. Көктемде жиналған балдың сапасы өте жоғары болады. Жазғы жинау 2-3 аптаға созылады. Бұл кезде негізінен жөке ағашынан жиналады. Өйткені жөке ағашы маусымның аяғы, шілденің басында гүлдейді. Жөкеден алынатын бал қоңыр түсті, хош иісті келеді. Ең көп бал қарақұмықтан жиналады. Қарақұмық бір айдан артық гүлдеп тұрады. Күн ашық, ылғалды болса, бір ара ұясы маусымына қарақұмықтан 50-60 келіге дейін бал жинай алады. Күзде аралар балды негізінен күнбағыстан жинайды. Одан алынатын бал ашық сары түсті, иіссіз болады, – дейді омарташы Катя.

Аралар жалпы гүлдейтін өсімдіктері жоқ жерлерде өмір сүрмейді. Тозаң мен гүл нектарымен қоректенеді. Олардың өмір сүру ұзақтығы туралы айтар болсақ, ол көктемде немесе жазда туған болса, онда ол әдетте бір айды ғана құрайды. Мұндай қысқа өмір сүру ара бал шырындарын жинайтын жұмысшылардың қажырлы еңбегіне байланысты. Егер жұмыс істейтін ара күзде туа алатын болса, онда ол алты айға дейін өмір сүре алады, өйткені көктемде бал жинауға және оны жинауға қатысу үшін қысқы суықтан аман қалу керек.

Ғылыми ара өсірудің негізін ұлы философ және ежелгі ғалым Аристотель қалаған. Ал атақты ежелгі грек дәрігері Гиппократ балдың адам денсаулығына тигізетін пайдасы туралы тұтас ғылыми трактат жазды. Ал аңыз бойынша аралар үйіндісі атақты дәрігердің қабіріне қонып, көптеген ауруларға көмектесетін емдік бал жасайды екен.

Павелдің әкесі омарташы болған. Ол жастайынан әкесіне қолғабыс жасаған осы кәсіппен айналысуға қызығушылығы оянады.
– Әкеме көмектесіп жүріп бәрін үйреніп алдым. Сөйтіп, бала күнімнен-ақ өзімнің әке жолын жалғап, омарташы болатынымды білгенмін. Ел ішінде омартамен айналысқан адамдардың денсаулығы күшті болатындығы жəне көп жасайтындығы туралы айтылады. Ежелден тағам ретінде тұтынумен қатар, халықтық емдеу дәстүрінде де түрлі сырқаттарға жиі қолданған. Сол себепті де оны тек тағам ретінде ғана емес, түрлі емге пайдалануға болады. Бұл шаруашылық көпшілік үшін елеусіз кәсіп сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ оның ерекше табысқа кенелтетін шаруаның бірі екенін уақыттың өзі дәлелдейді. Ол үшін бұл кәсіпті меңгеру аз, сонымен қатар бұл кәсіпті ұнатып істеуің керек, – дейді Павел.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.