Қалалық қоғамдық-саяси газет

Балдақты қария да бар. Көлік өртін жабыла сөндіргендер көпті тәнті етті (видео)

0 53

Жол бойында кенеттен отқа оранған көліктегі өртті сөндіруге өзге де жүргізушілер атсалысты. Әсіресе, өзі балдаққа сүйеніп, әрең жүріп келген қарияға ел риза болды.
Өрт көліктің жүк салғышынан шыққан, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Экспресс К cайтына сілтеме жасап.

Instagram-да өртеніп жатқан көліктің видеосы жарияланды. Онда қызыл жалынды жүргізуші мен жолаушы өздігінен сөндірмек болады. Осы сәтте жол бойында өтіп бара жатқан өзге де көліктегілер тоқтап, көмекке келеді. Бірі қолындағы суды өртке құйса, енді бірі жолдағы қарды тасып, әлек болады. Әп-сәтте жұмыла кеткендердің әрекетіне желі қолданушылары риза болды. Әсіресе қолына күрегін ұстап келген қария көпті тәнті етті. Егде жастағы адам балдаққа сүйеніп өзі әрең жүрсе де көмекке келген.

«Ата жарайсыз. Өзі әрең жүрсе де күрегін алып келе жатыр», «Таяққа сүйенсе де күрегімен келген ата Алланың рахметіне бөленсін», «Қария, жарайсыз. Көмекке келген жастарға да респект. Әлемде жақсы адамдар көп», «Мұнда басты батыр деп қарияны айтуға болады», «Алла ұзақ ғұмыр берсін атаға», «Өтіп кетпей, көмекке келген барша жандарға жақсылығы Алладан екі есе қайтады. Бір-бірімізге көмектесіп жүрейік» деп жазды желі қолданушылары.

Бұл оқиғаның нақты қай жерде болғаны әзірге белгісіз. Желідегілердің пікірінше, видео еліміздің солтүстік өңірінде түсірілген болуы мүмкін.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.