Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

«Балауса» лагеріндегі балғындар қуанышы

0 353

Маусым айының 3-інде №62 мектеп жанынан құрылған «Балауса» жазғы лагері өз жұмысын бастады. Бұл маусымдық демалыс бағдарламасы оқушылар үшін ғана емес, ата-аналар үшін де есте қаларлықтай ерекше шараларға толы болды. Әсіресе, лагерьдің екінші күні ұйымдастырылған «ашық есік» күні балаларының тыныс-тіршілігімен танысуға келген ата-аналар үшін өте маңызды әрі әсерлі күн болды.

«Ашық есік» күніне арнайы шақырылған ата-аналар таңғы сағат 08:30-да лагерь аумағына келіп, балаларын қарсы алды. Оларға лагерьдің күн тәртібі, оқушылардың тамақтану, ойын-сауық және тәрбие бағытындағы шаралары туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар мектеп директоры М.Жаппасбаев ата-аналарға мектеп жанындағы лагерь жұмысымен таныстырып, ата аналар балаларының демалыс уақытын қалай өткізіп жатқаны жайлы жағымды ахуалды өз көздерімен көріп қайтты.
Мектеп директоры лагерь жұмысындағы басты мақсат – балалардың жазғы демалысын қызықты әрі қауіпсіз ұйымдастыру екенін атап өтті.
Күннің соңында ата-аналар лагерь ұжымына ризашылықтарын білдіріп, балалардың бос уақытын тиімді де қызықты өткізуде тәрбиешілердің еңбегі зор екенін ерекше атап өтті. «Ашық есік» күні – тек бақылау емес, сонымен бірге отбасы мен мектеп арасындағы сенім мен ынтымақтастықты нығайтатын маңызды көпірге айналды.
«Ашық есік» күні оқушылар үшін көтеріңкі көңіл күй мен жаңа әсер сыйласа, ата-аналар үшін балаларының дамуына көз жеткізуге мүмкіндік берді. Алдағы уақытта мұндай шараларды дәстүрлі түрде жалғастыру – мектеп әкімшілігінің басты міндеттерінің бірі болып қала бермек.

Лаура Тұрлығұлова,
№62 орта мектеп директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Тараз қаласы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.