Қалалық қоғамдық-саяси газет

Байзақтық депутаттар халықпен бірге…

0 583

Әрдайым ел ішіндегі береке-бірлік, ауызбіршілік ең маңызды рөлге ие.
Сондықтанда ата-бабамыз: Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады, – деп бекерге айтпаған.
Тұңғыш Президентіміз – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай: «…Бақыт бағалай келгеннің басында тұрақтайды. Ең асыл қазынамыз – бірлігімізді көздің қарашығындай сақтай білсек, барлық асулардан асамыз».
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Жолдауында Ұлы Абайдың алтыншы қара сөзіндегі «Бірлік – ақылға бірлік» деген тұжырымды алға тарта отырып, береке мен бірлік, ақыл мен парасат халқымызды үнемі алға бастап келе жатқанын атап көрсетті,- деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
Расында да Байзақ ауданында орын алған оқиға байланысты да біз өз ауызбірлігімізді сақтап, қиындықты еңсеруге күш салудамыз.
Құрылған облыстық жедел штаб жұмысы да өз жұмысын атқаруда.
Қазіргі таңда жөндеуді қажет ететін 118 жылжымайтын мүлік анықталса, оның 106-сы тұрғын үй, 12-сі коммерциялық нысан. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында жан-жақты тоқталды.
Анықталған 106 тұрғын үйдің 35-сі күрделі жөндеуден өтетін болса, қалған 71-і жеңіл зақымдалған, олар да қалпына келтіріледі,-деді.
Міне, осы бағытта жұмыс атқарып жатқан және ауылда тұратын тұрғындарға Байзақ аудандық мәслихатының депутаттары да бір екенін көрсетті.
Оқиға орын алған жерден жиі бой көрсетіп, барынша өз үлестерін қосуға тырысқан халық қалаулылары бүгін де жиылды.
Ондағы жүзге тарта халықпен бірге, 120-дан астам жұмысшыға түскі ас таратты.
Аттары айтып тұрғандай халық қалаулыларының тамшыдай болсын игі істеріне тұрғындар ризалықтарын білдірісіп жатты.
Жақсылықтың үлкен кішісі болмас, бастысы шын ниетте деген осы…

Мырзағали Мадимаров, Байзақ аудандық мәслихатының депутаты

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.