Қалалық қоғамдық-саяси газет

Байланыс қызметкерлеріне құрмет

0 474

Елімізде 17 мамыр – Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ретінде белгіленген.

Кеше айтулы күнге орай облыс әкімінің орынбасары Рүстем Дәулет, «Транстелеком» акционерлік қоғамы Тараз қаласындағы «Жамбылтранстелеком» филиалының басқарушы директоры Дархан Орманов, аталған филиалдың кеңесшісі Рахматілдә Рахманбердиевтің қатысуымен мерекелік іс-шара өтті.

Шарада сөз алған Рүстем Рысбайұлы сала қызметкерлерінің ел дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті.
– Интернетсіз әлемді көзге елестете алмайтын бүгінгі заманда сіздердің еңбектеріңіз ерен. Әсіресе шалғай елді мекендерді ғаламтормен қамтуға ерекше күш салып келесіздер. Әрине, әлі де шешімі табылмаған мәселелер баршылық. Дегенмен сіздердің қажыр-қайраттарыңыздың арқасында барлық қиындықты еңсеретінімізге сенімдімін, – деген Рүстем Дәулет көпшілікті мерекемен құттықтап, ізгі лебізін жеткізді.
Бұдан соң саланың бірқатар үздіктері облыс, Тараз қаласы әкімі мен мәслихаттың Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен марапатталды.

Жұматай Көксубайұлы 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.