Қалалық қоғамдық-саяси газет

Байбек Nur Otan съезінің күн тәртібін жариялады

0 1  396

  Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партияның кезектен тыс съезінің күн тәртібін жариялады, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Nur Otan Саяси кеңесінің қаулысымен (Жарғының 9.4. тармағына сәйкес) партияның кезектен тыс XXI съезінің күн тәртібі бекітілді: 1. Партия төрағасын сайлау туралы; 2. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы; 3. Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы», – деп жазды Байбек Twitter-де.

Бұған дейін партияның кезектен тыс съезі онлайн форматта 28 қаңтарда өтетіні хабарланған болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.