Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Бүркіт» мемлекеттік әуе компаниясының ұшақтарындағы «Kazakhstan» жазуы «Qazaqstan» деп ауыстырылды

0 179

«Бүркіт» мемлекеттік әуе компаниясының ұшақтарындағы «Kazakhstan» деген жазу «Qazaqstan» деп ауыстырылды. Желіде ұшақтардың суреті тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Үкіметтік борт тақтасы жаңа бояумен боялды», – деп жазды Қазақстан авиациялық клуб әкімшісі Николай Устинов.

Ол жариялаған суретте UP-2101 құйрық нөмірі бар үкіметтік Airbus 321 ұшағын бұрынғыдай «Kazakhstan» емес, «Qazaqstan» деген жазу безендіріп тұрғаны байқалады.

2016 жылдың қарашасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Сенатының спикері қызметіндегі кезінде: «Қазақстанның ағылшын тіліндегі нұсқасында “Qazaqstan” жазылу нұсқасы мемлекетіміздің болмысын дәлірек көрсетеді», – деп баса айтқан болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.