Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Бұл жыл жекпе-жегі болады!». Жәнібек Әлімханұлы ерекше мәлімдеме жасады

0 341

Орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) ерекше мәлімдеме жасады. Ол өз салмағындағы барлық чемпиондық белбеуді иеленгісі келеді.

Мен салмағымдағы барлық чемпиондық белбеуді иеленгеннен кейін кіммен жұдырықтасатынымды бәріңіз білетін боларсыздар. Мен оны орта салмақ үшін кішкентай деп айтпаймын! Инша Алла, бұл жыл жекпе-жегі болады, – деп жазды боксшы twitter парақшасына.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін IBF чемпионы Винченцо Гуальтьериге (21-0-1, 7 КО) қарсы өткізеді деп жоспарланған. Бокс кеші Top Rank промоутерлік компаниясы ұйымдастыруымен 14 қазан күні Розенбергте (АҚШ, Техас штаты) өтеді.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.