Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бүгін Дінмұхамед Қонаевтың туған күні

0 326
Мемлекет және қоғам қайраткері, үш рет Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген.
Ол 1936 жылы Мәскеу түсті металдар және алтын институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген. Кейін 1952-1955 жылдары Қазақстан Ғылым академиясын басқарды. Оның басшылығымен өнеркәсіптер мен ауыл шаруашылығында елеулі өзгерістер пайда болды. Сонымен қатар, Қазақстанның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында көптеген ғылыми зерттеулер жүргізілді. Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, тың және тыңайған жерлер игерілді. Қонаев Қазақстанды 25 жыл басқарған, ол сол жылдары еліміздің дамып, өркендеуіне айтарлықтай үлес қосты.
Ол 1993 жылы 22 тамызда Алматы облысы, Ақши ауылында жүрек талмасынан қайтыс болып, 25 тамызда Кеңсай зиратына жерленді. Қазіргі кезде Қазақстанда Қонаев атауы берілген бір қала мен бір канал бар.
Қазақтың бiртуар тұлғасы туралы қызықты деректер:
  • Дінмұхамед Қонаев – КСРО-да ең үлкен саяси лауазымға ие болған алғашқы қазақ;
  • Бойы – 198 см, аяқ киім өлшемі 46 болған;
  • Ауданы 200 шарты метр болатын шағын пәтерінде (қазір мұражай) 24 жыл өмір сүрген;
  • Академик шені үшін 340 рубльдік төлемақыдан бас тартқан;
  • Қонаевтың жеке көлік жүргізушісі де, күзетшілері де болмаған;
  • Хоббиі: қару-жарақ коллекциялау, аңшылық;
  • Қазақстанда Қонаев атауы берілген 1 қала мен 1 канал бар.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.