Қалалық қоғамдық-саяси газет

БҰҰ дүниежүзін келесі пандемияға дайындалуға шақырды

0 376

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш Дүниежүзілік экономикалық форумда әлемді келесі пандемияға дайындалуға шақырды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Гутеррештің пікірінше, әлем келесі пандемияға дайындалып, әр елде бақылауға, ерте анықтауға және жедел әрекет ету жоспарларына инвестиция салып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының беделін нығайтуы керек.

Сонымен қатар, ол пандемиямен әділ және тең жағдайда күресуге шақырды.

Гутерреш бұған дейін ДДСҰ 2021 жылдың соңына қарай жер тұрғындарының 40 пайызын және осы жылдың ортасына қарай 70 пайызын вакцинациялауды көздейтін стратегия жариялағанын еске салды.

«Біз бұл мақсаттарды көздемейміз. Бұл ұят, бірақ табысы жоғары елдерде вакцина салдыру деңгейі Африка елдеріне қарағанда жеті есе жоғары. Бізге вакцинаны тарату мәселесінде әділ болу қажет», – деді ол.

Гутерреш мемлекеттер мен өндірушілер COVAX механизміне вакцина жеткізуге басымдық беріп, бүкіл әлем бойынша сынақ, вакцина, емдеу әдісінің жергілікті өндірісін қолдауы керек екенін айтты.

«Фармацевтикалық компаниялар дамушы елдермен лицензия, технология алмасу бойынша ынтымақтастық орнатуы керек, сонда ғана бәріміз осы пандемиядан шығу жолын таба аламыз», – деді спикер.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.