Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Бұқарамен берік байланыс

0 483

Тараз қаласы, Әулиеата ауданының әкімі Барлық Төреханов №4 аумақтық округтің тұрғындарымен кездесті. №33 орта мектепте өткен басқосуға әр салаға жауапты бөлімдер мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Ең әуелі округтің бас инспекторы Айгүл Пашір атқарылған жұмыстарды баяндады.
– Бүгінде округтегі халықтың жалпы саны 59 945 тұрғынды құрайды. Сондай-ақ мұнда 7 163 жеке, 287 көпқабатты тұрғын үй, 176 көше мен бұрылыс, 61 әлеуметтік нысан, оның ішінде 9 мектеп, 9 балабақша, қос бірдей жоғары оқу орны, 2 спорт нысаны, 3 мәдениет ошағы, 7 учаскелік полиция пункті, 4 саябақ пен 18 сквер орналасқан. Сонымен қатар облыстық аурухана, облыстық диагностикалық орталық, балалар тіс емханасы, №9 қалалық емхана, «Арай» медициналық орталығы, «Жүрек» клиникасы, «Садыхан» клиникасы, Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық кешені және 11 жекеменшік дәріхана округ тұрғындарына үздіксіз қызмет көрсетуде.
2024 жылы аумақтық округте ауқымды жұмыстар атқарылып, бірқатар жоба жүзеге асты. Атап айтсақ, Қылышбай ақын, Академик Павлов, Б.Адамбаев, Артем көшелері мен бұрылыстарына және Ақмола көшесінің бұрылыстарына орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Ә.Әйтиев көшесінің жаяу жүргіншілер жолы түнгі жарықтандыру орнату арқылы қайта жаңғыртылды. Сондай-ақ Е.Ниетқалиев, М.Жүнісәлиев, Қ.Сағындықов және Алтай көшелері мен бұрылыстарын қоса алғанда №21 балабақшаға дейін және Т.Жанқоразов, Н.Фазлаев көшелері мен қиылыстары орташа жөндеуден өтті, – деген Айгүл Тұрсынбайқызы биылға межеленген жоба-жоспарларды да назардан тыс қалдырмады.
Келесі кезекте тұрғындар тарапынан жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, аялдамаларды жаңалауға байланысты сауалдар қойылып, нақты жауаптар берілді.
Жиынды қорытындылаған Барлық Әдепқанұлы кездесуде көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, сол бойынша тиісті шешімдер қабылданатынын жеткізді.

Құрмаш ҚАПТАҒАЙ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.