Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бұқара үшін жасалған дүниені қолдан бүлдірмейік!

0 199

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен жүзеге асқан «Таразға тарту» жобасының жемісін көріп отырмыз. Берекелі бастамаға аудандар, облыс әкімдігінің басқармалары, мәслихат депутаттарымен қатар жамбылдық кәсіпкерлер бір кісідей атсалысты. Тіпті кейбір қатар орналасқан аулаларды абаттандыруда аудандар кеңесіп, дизайнын бір үлгіде жасауға бел байлапты. Әрине мұның барлығын демеушілер жақсы қабылдады. Себебі «Таразға тартуын» бірінен-бірі асырып жасағысы келген аудандар да болды. Қазір сол қыруар қаржыға жаңартылған аулаларды бүлдіріп жатқан бұзақыларды тыя алмай отырмыз. Кеше ғана ашылған «Денсаулық» саябағы, Шу ауданының тартуы және басқа да аулалар бүлініп жатыр. «Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ». Әлде жыл өткен сайын, ақыл айтып, тыйым салып отыратын қарттар азайып барады ма? Туризмді дамытамыз дейміз,бірақ кеше салған дүниені бүгін бүлдіретіндердің жолын кеспей, іс алға баспайтындай. Тараздық тентектерді қазірден жөнге салмасақ, күні ертең тарту жасаған аудандардан ұят болып жүрмей ме деген ой келеді. Сондықтан біз, қала тұрғындары осынау дүниелерді қиратпай, көздің қарашағындай сақтауымыз керек. Осыған барлық тараздықтарды шақырамын!

Нұрлан ӘБІЛДАЕВ,
Тараз қалалық мәслихатының депутаты

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.