Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазыналы қарттар күні аталып өтті

0 583

Бүгін қазыналы қарттар күні мерекесіне орай Шу ауданының әкімі Нұржан Календеров қариялардың үйіне барып, мерекелерімен құттықтап қайтты,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Заманында ауданымыздың өсіп өркендеуіне өзіндік үлесін қосып, жауапты қызметтерді абыроймен атқарып келген Омбайұлы Тоқтасын қарияның шаңырағында болды.

​ Сексеннің сеңгіріне шыққан, өмірден көргені мен түйгені мол қартымыздың халін сұрап, талап-тілектерін тыңдады.

Егдесін ескеріп, қартын қадірлеген қоғамның ізгілігі біздің жүрегімізді жылытып, қуат бере түседі,-дейді ақсақал.

Бүгінгі жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеу мен белсенді өмір ұстанымын қалыптастыруда да ардагер ата-апаларымыздың өмірі мен еңбек жолдары біздерге үлгі.​ Қарттар күні мерекесі құтты болсын! Қарттары бар ел – бақытты ел, байыпты ел. Қай кезде де, небір сын сағатта да халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарияларымыз аман жүрсін, ұрпағының қуанышына бөленсін! – деді Нұржан Сәбитұлы!

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.