Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазына қаржысы мақсатты жұмсалуға тиіс

0 242

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті.

Ең әуелі қала әкімдігі қаржы бөлімінің басшысы Абылайхан Умирбаев 2025 жылға арналған шаһар бюджетінің қаржыландыру жоспары туралы баяндады.
Бұдан кейін қала әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жандос Ордабаев ағымдағы жылға арналған мемлекеттік сатып алудың жоспарына тоқталды. Оның айтуы бойынша, ағымдағы жылдың 10 қаңтарына дейін барлық бөлімдер мен мекемелер сатып алудың жылдық жоспарын бекітіп, оның тармақтарын сатып алудың веб-порталына орналастырған. Сондай-ақ әр тапсырыс беруші құрған жылдық жоспар тармақтарының тізбесі қала әкімдігінің мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысына ұсынылған.
Шаһар басшысы өз кезегінде қазына қаржысы мақсатты жұмсалуға тиіс екенін баса айтты.
– Бюджет қаражатындағы әрбір тиынның сұрауы бар. Сондықтан қазына қаржысы мақсатты әр тиімді жұмсалуға тиіс. Бұл тұрғыда бар жауапкершілік тікелей бөлім басшыларына жүктеледі. Әсіресе, мемлекеттік сатып алу кезінде бармақ басты, көз қысты әрекеттерге жол беруге болмайды. Сондықтан бұған салғырт емес, сақтықпен қарағандарыңыз жөн, – деген Бақытжан Әмірбекұлы жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Бұдан бөлек, басқосу барысында мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік нысандарға қолжетімділігін қамтамасыз ету, облыс орталығына Байзақ және Жамбыл аудандарынан қосылған елді мекендердегі көше атауларына сараптама жүргізу қорытындысы, көрнекі ақпарат құралдары, өнеркәсіп және инвестициялық жобалар, ауыл шаруашылығы саласындағы көрсеткіштердің орындалуы секілді маңызды мәселелер қаралды.

Аман ЕСЕН

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.