Қалалық қоғамдық-саяси газет

Азаттықтың ақ таңы

0 68

ҚР Білім және ғылым министрлігі Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы «Білім» кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжінде «Қасым ақын және ел Тәуелсіздігі» атты әдеби кеш өтті.
Кеш шымылдығын колледж директоры Жанат Ертаева ашып, кештің өтуіне атсалысушылар мен барша жиналғандарға алғысын білдірді.
Одан кейін сөз алған кітапханашы Баян Жалбиева «Азаттықтың ақ таңы атқалы 30 жыл» тақырыбында қысқаша шолу жасады. Қасым Аманжоловтың патриоттық рухта жазылған өлеңдері оқылып, әндері шырқалды.
Сонымен қатар әдеби кеш барысында қатысушылардың бәрін жұдырықтай жұмылдырып, қызықтыра білген сәт Тәуелсіз Қазақстанға қатысы бар қайраткерлердің аты жұмбақталған Сөзжұмбақтың ортаға тартылғаны. Сыйлықтың ерекшелігі сол ондағы жасырылған сөзді тапқан жеңімпазға нақыл сөздер жазылған шоколад табыс етілді.
Кеш соңында ақын Қадір Мырзаәлінің сөзі мен Ескендір Хасанғалиевтің әніне жазылған «Атамекен» әні шарықтады.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.