Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанның +997 кодына көшпеуі мүмкін бе: Цифрлық даму вице-министрі түсіндірді

0 297

Қазақстан ел кодын өзін-өзі қорғауды күшейту үшін өзгертіп жатыр, деп мәлімдеді ҚР цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында. Бұл жайында «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Біздің байланыс әкімшілігі Ресей әкімшілігімен «жетінші» аймақта қалу туралы келіссөздер жүргізді. Бұл ой негізінен, жаман емес. Ресей Федерациясы өз кезегінде түсіністік танытып, 2006 жылдың 17 маусымында біз «жетінші» аймақты бірлесіп қолданатынымыз туралы келісім жасалды. Бірақ бұл мәтіндегі негізгі мәселе – бұл келісімнің өзін бізге ресейлік мамандар дайындап берген болатын. Оның ең қиын жағы – бұл келісім тараптардың бірінің өтініші бойынша хабарланғаннан кейін алты ай ішінде бұзылуы мүмкін», – деді Асхат Оразбек.

Ол осыған байланысты Қазақстан Халықаралық электробайланыс одағына «+997» кодын резервтеуге өтініш білдіргенін түсіндірді.

«Ресей тарапы жақын арада аяқ асты шешім қабылдамас болар, бірақ, кем дегенде, біз тәуекелдерімізді азайтып, өзімізді қорғауымыз керек. Келісімнің өзі Ресей Федерациясы мен Қазақстанның байланыс әкімшіліктері арасында жасалды, бұл үкіметаралық келісім емес, яғни ол халықаралық құқықта танылмайды. Халықаралық электр байланысы одағы үшін бұл жарамды, бірақ бұл екі елдің үкіметтерінің ұстанымы болып табылмайды», – деді вице-министр.

Вице-министр сонымен бірге Қазақстан әлі де «жетінші» нөмірлеу аймағында қалуы мүмкін екенін айтты, бұл мәселе бойынша Ресеймен келіссөздер жоспарланған.

«Жетінші» нөмірлі аймақта үш мемлекеттің қалуының аясында олардың біреуі ғана халықаралық деңгейде танылғандықтан, менің ойымша, Ресей Федерациясына біздің осы аймақта қалғанымыз да мүдделі, сондықтан біз сөзсіз, бұл келіссөздерді жүргіземіз, бірақ біз оларды мықты ұстанымнан бастаймыз, өйткені біз өз кодымызды сақтап қойғанбыз. Егер келіспесек, біз «+997» аймаққа бара аламыз немесе «жетінші» аймақта қала аламыз. Біз серіктесіміздің мүмкін болатын күрт қадамының тәуекелдерін сақтандырдық», – деді Асхат Оразбек.

Вице-министрдің айтуынша, кодты өзгерту мемлекеттік шығындарға әкелмейді, барлық шығындарды байланыс операторлары көтереді.

«Біз барлық операторлармен жұмыс жасадық, олардан бұл жаңа елдің кодына көшу жұмысын орындай алатыны туралы ресми хаттар алдық. Көшу уақыты (2023 жылдың 1 қаңтарынан 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін) байланыс операторларымен келісілген», – деп түйіндеді ол.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.