Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстандық жаңа вакцина адамдарға сыналады

0 384

  Отандық QazCoVac-P вакцинасының өндірушілері клиникалық зерттеулердің екінші кезеңі басталғанын мәлімдеді. Коронавирусқа қарсы жаңа препарат Ғылыми зерттеу институтында жасалған. Маусым айында ғалымдар зерттеудің бірінші кезеңін бастаған болатын, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Сынаққа 200 адам қатысып, препараттың иммуногендігі мен қауіпсзідігі тексеріледі. Бұл вакцина жеңілірек қабылданады деп жоспарланған. Ғылыми зерттеу институтының ғалымдары тағы екі векторлық препараттың жасалып жатқанын айтады. Ал дельта штаммының негізінде жасалған QazVac вакцинасының жаңартылған нұсқасы дайын болған. Енді қауіпсіздігі дәлелденсе, вакцинаны шығаруды бастамақшы.

Жаңа өндіріске үкімет қызығушылық білдірген. Келесі жылдан бастап тегін екпелерде тек отандық препараттар қолданылады. Сонымен қатар өндірушілер қайта иммунизацияны екі компонентпен жүргізуге кеңес береді.

«Қайта вакцинациялауға таңдалған кез келген вакцина тиімді болады. Егер өндіруші иммундық жауап жақсы болу үшін екі компоненті алу керек десе, сіз екі компонентті де аласыз. QazVac вакцинасы үшін де солай», – деді Ғылыми зерттеу институның биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі зертхана меңгерушісі Нәрика Асанжанова.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.