Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті дамыту-негізгі міндетіміз…

0 249

Жамбыл облысы Талас ауданының Қасқабұлақ орта мектебінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобаны өткізудің тұжырымдамасы бойынша, үстіміздегі жылдың 20-22 қыркүйек күндері аралығында  аудандық Күрді этносы өкілдері (оқушылар) арасында мемлекеттік тілді меңгеру, қазақ халқының ұлттық рухани құндылықтарына баулу, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті дамыту мақсатында «Тәуелсіздік – тірегім» тақырыбында эссе жазу конкурсын ұйымдастырылды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

   Өзі тұрып жатқан мемлекеттің ұлттық құндылықтарының бірі – қазақ тілін ерекше ынта-ықыласпен оқып, еркін меңгеріп жүрген күрді балақайларына тіл үйрену ешқандай  қиындық туғызбады. Мемлекеттік тілді меңгерем деуші өзге ұлт өкілдерінің қатары көбейе берсін!

Жамбыл облысы әкімдігінің

ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.