Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстандық басылымға ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің мақаласы жарияланды

0 816

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин 14 қыркүйекте Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Сапар барысында Қазақстан мен Қытай басшылары қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайту жолдарын талқылайды, деп хабарлайды Экспресс К.  

Қытай басшысы осы сапары қарсаңында «Казахстанская правда» газетіне мақала жазған.

 

«Алдағы сапар барысында мен Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен Қытай мен Қазақстан арасындағы статегиялық серіктестікті жан-жақты одан әрі ілгерілетуді және екіжақты ынтымақтастықты өзара кеңейтуді және оны оңтайландыру мәселелерін талқылауға дайынмын. Бұл Қытай мен Қазақстанға ортақ екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың жаңа парадигмасын қалыптастырады», — деп жазған Си Цзиньпин аталған мақаласында.

Оның айтуынша, пандемия жағдайына қарамастан өткен жылы екі жақты тауар айналымы 25 миллиард долларға жеткен.

Бұл біздің әлемдік экономиканы қалпына келтіруге қосқан ортақ үлесіміз. Өндірістік қуат пен инвестиция саласындағы ынтымақтастық аясында жалпы құны 21,2 миллиард доллардан асатын 52 бірлескен жоба жасалды,— деді ҚХР төрағасы.

Бұған дейін екі ел басшысы келіссөздерден кейін бірқатар құжатқа қол қою жоспарланып отырғанын жазды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.