Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстандағы тәртіпсіздіктер: қанша адам қамауға алынды?

0 25

Бас прокуратура Қазақстанда өткен тәртіпсіздіктер салдарынан қамауға алынғандар санын айтты, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Бас прокуратура «Алматы қасіретінің» және басқа өңірлердегі террористік шабуылдардың барлық себебі мен егжей-тегжейін анықтау үшін жұмыс істеп жатқаны хабарланды.

«Бүгінде жедел тергеу топтары 494 қылмыстық істі тергеп-тексеріп жатыр, оның ішінде 44-і – терроризм актілері бойынша, 34-і – жаппай тәртіпсіздіктер бойынша, 15-і – адам өлтіру бойынша», – делінген хабарламада.

ТЖ режимі кезеңінде жасалған құқық бұзушылықтар үшін 6 966 әкімшілік іс бойынша хаттама толтырылған.

«4 918 адам әртүрлі әкімшілік жауапқа тартылды, оның ішінде 1 978 адам қамаққа алынды. 791 адамға айыппұл салынды және 2149-ына ескерту жасалды. Соттардың қарауында 2048 материал бар», – деді ведомство баспасөз қызметіндегілер.

Қылмыс жасады деген күдікпен 524 адам уақытша ұстау изоляторларына қамалған. Сот санкциясымен 412 адам қамауға алынған.

Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққан болатын. 3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге де қалаларда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.

Тұрғымбаев Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке ұласқан оқиғалар хронологиясын баяндады

Кейінірек Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізілді.

Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілді

5 қаңтарда үкімет отставкаға кетті, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, сұйытылған газ, бензин және дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу енгізілді. Алайда толқу күшейе түсті. Алматы қаласы қатты зардап шекті. Бүлікшілер әкімдік ғимаратын өртеп жіберді, Президент резиденциясын басып алды, дүкендерді, сауда орталықтарын, банк кеңселері мен банкоматтарды қиратып, тонады.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан күрделі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға тоқталып, сұйытылған газ бағасының өсуіне байланысты халықтың наразылығын тудырғаны үшін Үкімет, соның ішінде, Энергетика министрлігі, «Қазмұнайгаз» бен «Қазақгаз» кәсіпорындары кінәлі екенін айтты.

6 қаңтарда Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. ҰҚК-нің жаңа басшысы болып Ермек Сағымбаев тағайындалды. Дәл осы күні ҰҚК Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі бойынша «Мемлекетке опасыздық жасау» бабы бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал 10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қазақстандағы тәртіпсіздіктерден бизнеске келтірілген шығын 12 қаңтарда 100 миллиард теңгеден асты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер саны анықталып жатыр, әлі белгісіз.

11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа үкімет мүшелерін тағайындады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.