Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда адам азаптап, сотталғандар саны қанша?

0 430

Қазақстан адам азаптаумен айналысатындарға тоқтау болмай тұр, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі. Әрине, олардың заң бойынша жауапқа тартылатыны белгілі. Ал олардың саны бүгінге дейін нешеге жеткенін білесіз бе?

ҚР Қылмыстық кодексі 146-бабы («азаптаулар») бойынша сотталып, темір тордың арғы жағынан шыққандардың нақты саны 2019-2020 жылдары жүргізілген алдын ала барулар қорытындылары бойынша ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) қатысушыларының жинақталған баяндамасын таныстыру барысында белгілі болды.

ҰАТ хабарлауы бойынша, 2019 жылы аталған баппен сотталғандардың саны 24 адамды құраса, 2020 жылы осы бап бойынша 13 адам жазаланған. Бұдан бөлек, 2020 жылы ҚР ҚК 362-бабының төртінші бөлігі бойынша («күш қолдану немесе күш қолдану қатерін төндіріп, билікті немесе лауазымды өкілеттіктерді асыра пайдалану») 41 лауазымды адам сотталды (2019 жылы – 38).

Естеріңізге сала кетейік, ҰАТ азаптауды және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерін анықтау және алдын алу мақсатында жабық мемлекеттік мекемелерге  қоғамдық бақылаудың түрі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.