Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ауырып ем іздемей, алдын алайық!

0 138

Тараз қалалық көпбейінді ауруханасы оттегі концентраторлары мен оларға арналған шығыс материалдардың кезекті партиясын алды. Бұл коронавирустың маусымдық өршуіне қарсы тұруға, жанына шипа іздегендердің дертіне дауа болуға зор мүмкіндік береді.

Құралай ІЗЕТБАЕВА

Тәжтажалдың беті қайтты дегенімізбен, арқаны кеңге салуға болмайтыны тағы анық. «Сақтансаң ғана сақтайды» деген ұғым – осының айғағы. «COVID-19 індетінің екінші толқыны қайталанады» деген болжам қиындық артта қалды деп ойлауға жібермей тұр. Медициналық мекемелер барлық қиындықтың алдын алуға кірісіп кетті. Оларға жәрдемдесіп жатқан қайырымды жандар да аз емес. Еуразия банкі директорлар кеңесінің мүшесі Шухрат Ибрагимов өз қаражатына 100 оттегі аппаратын сатып алып, Жамбыл облысына жеткізді. Одан басқа, емдеу мекемесіне медициналық құрылғылар да табысталды. «Бүгінгі таңда қалалық ауруханада коронавируспен ауырып жатқан науқас жоқ. 2 оттегі аппараты қажеттілікті өтейді. Қорда бұған дейін жеткізілген құрылғыларымыз да бар. Пациенттің дем алуына көмектесетін оттегі көзінің көлемі – 10 литр. Бір аппаратпен 2 адам тыныстауға болады. Бұл сырқаттардың жағдайын әлдеқайда жеңілдетеді. Қазіргі күні облыста коронавирус пен пневмонияға шалдығу көрсеткіші едәуір төмендеді. Провизорлық стационарлар біртіндеп жабылуда. Бұл – жұмыла істеген жұмыстың нәтижесі», – дейді медицина қызметкерлері.

Ел ішінде вируспен бетпе-бет келіп, қауіп-қатерге төтеп беріп жүріп, өздері де дертке шалдыққан дәрігерлердің өз мамандығына адалдығы, дертіне дауа іздегендердің қорғаны бола білгені – медицина қызметкерлерінің ең ұлы құрметке лайық екенінің бір дәлелі. Сондықтан болар, күннен-күнге ақ халаттыларға арналған қорғаныш киімдері және өзге де қажетті құрылғылармен қамтамасыз ету көптеп қолға алынып келеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.