Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

0 146

Жамбыл облысы әкімінің 2021 жылғы 18 қарашадағы өкімімен Жиенқұлов Ербол Жұмабекұлы облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Бүгін жаңа басшыны ұжымға облыс әкімінің орынбасары Нұржан Нұржігітов арнайы келіп таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.
Ербол Жұмабекұлы 1986 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданында дүниеге келген.
Қазақ Ұлттық аграрлық университетін «ветеринарлық-санитарлық дәрігер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» мемлекеттік мекемесі Жамбыл облысы бойынша филиалының аға маманы болып бастаған.
2012-2017 жылдары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» мемлекеттік мекемесі Жамбыл облысы бойынша филиалында жетекші маман, бас маман болып жұмыс жасаған;
2017-2020 жылдары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» мемлекеттік мекемесі Жамбыл облысы бойынша филиалының басшысы;
2020 жылдың шілде айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.