Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ауылға газ тартылып, көшесі асфальттануда

0 405

Аудан әкімі Сәкен Арубаев пен мәслихат хатшысы Райымбек Сейітов жұмыс сапарымен Ерназар ауылына барды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
Елді мекенге газ тарту жұмыстары қарқын алған.

Ауыл әкімі Қайрат Әділовтың айтуынша,халяық көптен күткен «көгілдір отынды» «Энергоресурс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған.

– Ауылда аз жұмыс жасалып жатқан жоқ. Газбен қамтамасыз етуге 167 млн теңге қаражат қарастырылып, бүгінде жұмыстар 90 пайызға аяқталған.
Сондай-ақ ауылдық Мәдениет үйі мен К.Кейкиев атындағы орта мектептің маңына 3 млн теңге қарастырылып, жол жабындысы төселді.
Ал Ақшуақ ана көшесіне асфальт төсеу жұмыстарына дайындық жүргізілуде. Оған 14 млн теңге қарстырылуда. «Нұрабдрахман» ЖШС жұмыстарды мәреге жеткізбек, – дейді ауыл әкімі атқарылған жұмыс арға шолу жасап.

Өз кезегінде сөз алған Сәкен Қаланұлы жұмыстар кемшіліксіз жасалуын назарға алуды тапсырды.

– Атқарылған игіліктің басы-қасында жүріп, кейбір аулаларға газ тартылмай қалмауды қадағалау керек.
Ақшуақ ана көшесін тездетіп бастаңыздар. Халық алдында есеп беру кезінде тұрғындардың сұранысы еді ьұл көше. Сондықтан суыққа ұрынбай жұмысты аяқтау қажет, – деді аудан басшысы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.