Entries by Кирилл

Мың бояулы Әулиеата

Таразда тұңғыш рет ұйымдастырылған «Әулиеата бояулары» халық шығармашылығы фестивалі мәресіне жетті. Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Суреттерді түсірген Ю.КИМ Даналар дүние жаратылған сәтте адамзатқа қос бірдей қалам берілгенін айтып, небір аңыздарды әмбеге жария еткен. Оның бірі қауырсын қалам болса, бірі кәдімгі қылқалам. Осы бір киелі өнердің киесі қонған қылқалам шеберлері тарихи шаһарда бас қосты. Жиынға Жамбыл облысы әкімдігінің […]

Бала психикасына бақылау қажет

Барлық психикалық денсаулық бұзылыстарының жартысы 14 жастан басталады, алайда көпшілігі байқалмайды және емделмей қалып кетеді. Салдарында бұл өмір бойы адамның психикалық денсаулығына әсер етіп отырады. Бұл жастағы өзін-өзі таныту үлгілері жағымды: өзін-өзі жетілдіру, жақындарына қамқорлық, күрделі отбасылық мәселелерді шешу, спорт, білім игеру, т.б. Сондай-ақ жағымсыз болуы мүмкін: мінез-құлық нормаларынан ауытқудың түрлі формалары – өзіне-өзі сенімсіздіктің […]

Өндірістегі өзгеріс ресейлік журналистердің сапарына сеп болды

Ресейлік бір топ журналист химия саласының ірі өнеркәсібі орналасқан Тараз шаһарына табан тіреді. Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Суреттерді түсірген Ю.ЕФИМОВ Мәскеулік телеарналар мен баспасөз құралдары Әулиеата жеріне 20 тілші, түсірілім тобын, арнайы сарапшы мамандарды аттандырған. Іссапар барысында шетелдік әріптестерге Алматы мен Жамбылдың журналистері қосылып, өзара іскерлік байланыс орнатты. Ресейлік тілшілер тарихи Тараздың өндірісі мен бай тарихына шолу […]

Ыстық су қашан беріледі?

Тараз қаласының тұрғындары биылғы жазда да ыстық сусыз өтеді. Зере Қуаныш Бұл туралы Жамбыл облысы əкімдігінің ішкі саясат басқармасы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте айтылды. Жиынға Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Құдайберген Қорғанбаев, «Таразэнергоорталық» АҚ президенті Абуталип Серикбаев, «Таразтрансэнерго» МКК директорының м.а. Жақсылық Жогибаев, «Темір жол-Жылу» МКК […]

Қолжетімді баспанаға қалай қол жеткіземіз?

«Үйі жоқтың күйі жоқ» деген мақал тегін айтылмаса керек. Бүгінде баспаналы болғысы келіп, басын қатырып жүрген қазақ қаншама?! Бұл орайда, әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар жасалып, елдегі осы бір түйткілдің түйіні тарқап, көпшілікке баспаналы болудың оңтайлы жолы ұсынылуда. Арайлым Бақытжанқызы, Суретті түсірген Ю.ЕФИМОВ Мемлекет «Қолжетімді баспана – 2020», «Нұрлы жер», «7-20-25» сынды баспаналы болудың оңтайлы жолын көздейтін […]

Қасым-Жомарт Тоқаев – Қазақстан Президенті

Қарышты Қазақстанның дамуындағы тағы бір маңызды белес артта қалды. Осымен ел тарихында алтыншы рет Президент сайлауы өтіп, халық өз таңдауын жасады. Орталық сайлау комиссиясының мәліметтеріне сәйкес, сайлаушылардың 70,96 пайыз дауысымен Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жеңіске жетті. Ал Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлейменнің мәлімдеуінше, осынау саяси бәйгеде бақ сынаған Жамбыл Ахметбеков 167 649 дауыс немесе сайлаушылардың […]

Көп тіл білген көпті ілер

Қалалық тілдерді дамыту бөлімі ұйытқы болған «Тілдарын – 2019» олимпиадасы кезекті жеңімпазын анықтады. Елдегі үш тұғырлы тіл саясатын қолдау мақсатында ұйымдастырылған жарысқа қаладағы орта мектеп және арнаулы орта білім мекемелерінен 10 үміткер қатысты. Олар олимпиаданың қалалық бәсекесінде 4 кезең бойынша сынға түсті. 18-22 жас аралығындағы қалалық іріктеу сайысының қатысушылары берілген тақырыпқа сай тұсаукесер өткізіп, эссе […]

Әлия үздік атанды

Медицина қызметкерлері мерекесіне орай 83 жылдық тарихы бар Жамбыл медициналық колледжінде «Үздік мейіргер – 2019» кәсіби байқауы өткізілді. Адам өмірінің арашашысы болған ақ халатты абзал жандардың қоғам үшін сіңірген еңбектері орасан зор. Төккен тер мен жұмсалған еңбектің сыйы – адам денсаулығы. Медицина өкілдерінің төл мерекесіне орай әр жылы мейірбикелер арасында облыстық, республикалық деңгейдегі жарыстар ұйымдастырылып […]

Өңірлік байланыс өркендей түседі

Мемлекеттік ақпараттық саясатты дамыту, мемлекеттің жұмысы туралы қоғамға толық ақпарат беруді қамтамасыз етуді мақсат еткен «Өңірлік коммуникациялар қызметі» мекемесінің басшысы Айбол Қарашев жыл басынан бергі атқарған жұмыстар жайын баяндады. Толғанай АТАБАЙ Облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасына қарасты мекеме бүгінге дейін жергілікті атқарушы органдарда атқарылған шаруалар хақында халықты құлақтандырып, БАҚ өкілдерімен 85 баспасөз конференциясын өткізді. – […]

Келелі мәселелер – назарда

Қалалық мәслихаттың кезекті қырық алтыншы сессиясында шаһардың бюджеті және әлеуметтік-экономикалық даму мәселесі қаралды. Толғанай АТАБАЙ Тұрақты комиссия төрағасы Жақып Жексембиев өткен жылғы қала бюджетінің атқарылу барысын баяндап, бірқатар мәселелерге тоқталды. – Бюджет үнемі нақтыланып, түзетіліп жатады. Былтыр қалалық бюджетке 6 рет нақтылау жасалып, көрсеткіштер біресе ұлғайып, біресе азайып, едәуір өзгерістерге ұшыраған. Бюджетті жоспарлау мен атқару […]