Entries by Алтынай

Ардагер – 95 жаста

Бүгінгі таңда қалада жеңісті жақындатуға атсалысқан ардагерлердің саны 40-тан астам. Күн санап қатары сиреген қазыналарымызды құрметтеу – ұрпаққа парыз. Толғанай АТАБАЙ Суреттерді түсірген Ю.Ким Майдан даласында от кешкен жауынгерлердің көшін бүгінге жалғаған сарбаздардың бірі – Шалданбай Шанбаев. Уақыт ағымына шыдас берген қарт сарбаз 10 ақпанда 95 жасқа толды. Ұрпағымен ұлағатты тірліктің тынысын кеңейткен жауынгердің қуанышын […]

Жарнама ілуде заң бар

Жыл басынан бері қаладағы жарнамаға облыстық кәсіпкерлер палатасы зерделеу жұмыстарын жүргізуде. Әр жарнаманы ілуде өзіндік ережелер мен заң бар. Зере Қуаныш Облыстық кәсіпкерлер палатасында өткен дөңгелек үстелде сыртқы жарнамаға жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесі айтылды. Жиынға қала әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары мен сәулет және құрылыс бөлімінің мамандары қатысып, өзара пікір алмасты. […]

Еңбек ер атандырады

Арайлым Шабденова Суретті түсірген А.Рысмахан Ата кәсібінен адал нәсібін тауып, елге танылған кәсіпкер, шаруа – Сайрамбай Дөненбаевтың еңбек жолы көпке үлгі. Әкесінің жолымен Шопан ата таяғын серік еткен ол жас кезінен-ақ ермек қуып сайран салмады, еңбек етіп, көпті қайран қылды. Елбасының қолынан «ҚР Еңбек Ері» төсбелгісін таққан Сайрамбай Әліқұлұлы жастармен кездесті. Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде […]

Алихан Айтбаев, кәсіпкер: «Жастарға тұрақтылық керек»

Ол тегеуріні мықты, өз ісінде көшбасшы, қаржы мен кәсіптің көзін таба білген азамат. Ол басқаратын дәмханалар қаламыздағы халық сүйіп баратын орындарға айналған. Бар болғаны 23 жасында палау орталығы мен жұртшылыққа нағыз түрік дөнерін ұсынатын кафе ашқан кәсіпкердің есімі – Алихан Айтбаев. Кейіпкеріміз өз бизнесін қалай бастағаны турасында және кездескен қиындықтары жөнінде кеңінен баяндап берді. – […]

Ұлық Тұлға

Қазақ елінің тарихында ерекше дарындылығымен өзгелерден оқшау озық тұрған Ұлық Тұлға ретінде, аса көрнекті қоғам қайраткері, ірі саясаткер және ғұлама ғалым – Тұрар Рысқұловты айта аламыз. Т.Рысқұловтың аты Орта Азия мен Қазақстанда 1917-1936-шы жылдар аралығында шын мәнінде дүркіреп тұрды. Тұрардың әкесі – Рысқұл Жылқайдаров ХІХ ғасырдың 80-ші жылдарында бір топ руластарымен (шілмембеттермен) бірге Шымкент уезінен […]

От пен оқтың ортасынан оралғандар

Тарих бетіне өзінің қанды ізін қалдырған Ауған соғысы Кеңес Одағына абырой да, даңқ та әпермегені белгілі. Саяси болжамдардың құрбаны болған ауған халқына да, басқыншылық әрекетті он жылға тарта уақыт бойы шімірікпестен жүргізген Кеңес Одағы халқына да бұл соғыс қасірет пен қаскөйліктің үлгісі ретінде жүректерге өшпес жара салды. Арайлым Шабденова Суреттерді түсірген Ю.Ким Сұрапыл соғыстың аяқталып, […]

Жас келсе, іске!

Елімізде мемлекеттік жастар саясатын жан-жақты қолдауға бағытталған ауқымды шаралар легі бастау алды. Осыған орай, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде жастар жылы салтанатты түрде ашылды. Толғанай АТАБАЙ Суреттерді түсірген Ю.Ким Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Манжуов, қала әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай қатысып, ел болашағы үшін […]

Тілсіз жау айтып келмейді

Күні кеше Астана, Қызылорда қалаларында орын алған қаралы хабар дүйім жұрттың жағасын ұстатты. Қара жамылған отбасына күллі халықтың қабырғасы қайысып, көңіл айтты. Өрт – тілсіз жау, апат та айтып келмейді. Кешіксең, кешірмейді. Сәл тосылсаң, ол тажал әп-сәтте-ақ айналасын жалмап тынары анық. Бірақ сол өрттің алдын алу, болдырмау тек жауапты сала мамандарының жұмысы ғана емес… Арайлым […]

Пайым мен парасат партиясы

«Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының кезектен тыс ХХVІ коннференциясы өтті. Жиынды партия қалалық филиалының төрағасы, Тараз қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов жүргізіп отырды. Бекнұр САТЫБАЛДИЕВ Суреттерді түсірген К.Бердецкий Күн тәртібінде Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын іске асыру жолдары жайлы әкім орынбасары Кенжебек Олжабай, «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы: Жасампаздық […]

Қайғыны бөліссең – азаяды

Астана қаласында болған қайғылы оқиға дүйім жұрттың қабырғасын қайыстырды. Түн ішінде отқа оранып, қуықтай бөлмеде жан тапсырған бес қыздың денесі кеше жер қойнауына тапсырылды. Республиканың түкпір-түкпірінде қыздардың ата-анасы мен туыстарына көңіл айтып, әлеуметтік желі белсенділері өлең шумақтарын арнауда. Зере Қуаныш «Тас түскен жеріне ауыр». Қайғыдан қан жұтқан ата-ананың көңілін сұрап, қол ұшын берушілер саны күн […]