Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ауру асқынбасын десеңіз…

0 28

Вакцинаның төрт түрі де қолжетімді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев айтты.

Шапағат ӘБДІРҰЛЫ

Қазір облыс бойынша ахуал тұрақты. Дерттің республика көлемінде кең таралуына жол бермеу бағытында вакциналау жалғасып, бүгінде 42 екпе егу бөлімшесі ашылды. Оның 14-і облыс орталығында, 28-і аудан орталықтарында, сонымен қатар екпе салатын жылжымалы медициналық машиналар да жұмыс жасап жатыр.

– Жамбыл облысында республика бойынша егіліп жатқан 4 вакцина да қолжетімді. Олар: Ресейдің «Спутник V», Қазақстанның «QazVac», Араб-Қытай бірлесіп өндірген «Hayat-Vax», сонымен қатар «CoronaVac» деген Қытайдың вакцинасы. Тұрғындар осы төрт екпені ерікті түрде таңдап салдыра алады. Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Бірақ қай-қайсысы болмасын, коронавирусқа қарсы иммунитет қалыптастыра алатыны анық. Вакцина алған адамдардың арасында көп өзгеріс болған жоқ. Бірақ екпе салынған жері қызарып, қызуы көтерілетін жағдайлар бар. Сондықтан мен облыс тұрғындарын вакцина салдыруға шақырамын, – деді басқарма басшысы Әсет Әскерұлы.

Жамбыл облысына ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап «Спутник V» вакцинасының 1-ші компонентінің – 146650, 2-ші компонентінің – 89700 дозасы, отандық 4000 доза «QazCovid-in» (2000 адамға) және 60 000 доза (30 000 адамға) «Hayat-Vax», 34 000 доза (17 мың адамға) «CoronaVac» вакциналары жеткізілген. Жалпы 134 182 адам вакцина салдырып, оның ішінде 14 739 – медицина қызметкерлері (11%), 22385 – білім беру ұйымдарының қызметкерлері (16,7%), 17088 – күш құрылымының мамандары (12,7%), 2873 – мемлекеттік қызметкерлер (2,1%), 2441 – студенттер (1,8%). Қалғандары – өзге сала мен түрлі топтағы адамдар. Дерттің алдын алып, одан әрі таралмасын десек, екпе алып, сақтық шараларын ұстанайық.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.