Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таластықтар Паралимпиада қатысушысы Өмірәлі Нышанды күтіп алды

0 366
Талас ауданы, Қаратау қаласы, Достық алаңында Әлемнің екі дүркін чемпионы, Азия чемпионы, Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Ұлттық құрама командасының мүшесі, Токио қаласында өткен Паралимпиада ойындарының қатысушысы Өмірәлі Нышанды күтіп алу рәсімі өтті, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне  сілтеме жасап.
Айта кетейік, Өмірәлі Нышан егемендік алғалы бері Талас ауданынан Олимпиада ойындарына қатысқан тұңғыш спортшы. Әлемге танымал жерлесімізді құттықтауға аудан жұртшылығы жиналды. Алғаш болып сөз алған аудан басшысы Қанатбек Қайшыбекұлы Мәдібек жерлесімізге жылы лебіздерін білдіріп, алдағы 2024 жылы Париж қаласында өтетін Паралимпиада ойындарында алтынмен оралатынына сенімін білдіріп, аудан тұрғындары атынан құрмет білдірді. Атақты спортшымыздың жаттықтырушысы Тұрсынбай Мақсат Тоқтасынұлы аудан жұртшылығына өз ризашылығын білдіріп, Өмірәлі Нышанның достары мен бауырларының атынан арнайы атты тарту етті.
 Өмірәлі Нышанның жетістіктері:
2014 жылдың 21-22 маусым аралығында Мәскеу (Ресей) қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында паратаеквондодан V Әлем чемпионатының +75 келі салмақта ел тарихында бірінші рет Әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.
 2014 жылдың желтоқсан айында Белек (Турция) қаласында өткен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында паратаеквондо спорт түрінен Еуропа чемпионтаның К42 тобында +75 келіде ІІ орын алды.
2015 жылдың 17-19 сәуір аралығында Кишинев (Молдавия) қаласында өткен паратаеквондодан Еуропа Чемпионатының К42 топта +75 ІІ орын алды.
2015 жылдың қыркүйек айының 17 күні Самсун (Турция) қаласында өткен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында паратаеквондодан VI Әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
2015 жылдың 26 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Сочи (Ресей) қаласының Олимпиалық саябағында өткен ампутанттармен арбадағы спортшылар арасындағы IWAS Бүкіләлемдік ойындарында паратаеквондо спорт түрінен +75 салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.
 2016 жылдың 20-24 қаңтар аралығында Екатеринбург (Ресей) қаласында өткен Кубок «Кристалл» халықаралық турнирінің К42 тобында +75 келіде жеңімпаз атанды.
2016 жылы паратаэквандодан Филлипинде өткен Азия чемпионатының жеңімпазы, Польшада өткен Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері.
 2017 жылдың 15-19 қазан аралығында Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында өткен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында паратаеквондодан +75 келіден жоғары К72 санатында Әлем чемпионы атанды.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.