Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ауданда не жаңалық?

0 164

Құрмет тақта қайта жаңғыртылды

Талас ауданы, Ойық ауылдық округіне қарасты Сейілбек ауылына кіреберісте Сейілбек атаның құрметіне ұрпақтары жаңа белгі орнатты.
Белгінің ашылу салтанатына Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Тараз қалаларынан арнайы келген Сейілбек атаның туған-туыстарынан бөлек, Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Батырбек Құлекеев, аудан әкімінің орынбасары Медет Үрістенов және Ойық пен Бостандық ауылдарынан ауыл ақсақалдары қатысты.
Шара соңында Бөлтірік шешен кесенесінің басында Сейілбек атаның құрметіне арнап ас беріліп, әруағына құран бағышталды.

Пригородное енді Сұлутөр

Жамбыл ауданы, Гродеково ауылдық округі Қызылдихан ауылында жағдайы төмен отбасына ауылдастары үй салу үшін жер телімі бөлінді. Қазіргі уақытта үйдің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Округ әкімі Болат Қожабеков те игі іске атсалысып, жомарт жандарға отбасын жаңа жылға дейін жаңа үймен қамтуға шақыруда.
Сондай-ақ Сұлутөрдегі Мұқанов, Үсіпбеков көшелері асфальтталуда. Жыл басында Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы мен Қарой ауылдық округі әкімінің халық алдында есеп беру кездесуінде ауыл азаматтары Ә.Үсіпбеков, С.Мұқанов 1, 2 көшелері мен қиылыстары жөндеу көрмегенін және мектепке баратын оқушылар жауын-шашын кезінде жүруге қолайсыздық тудыратынын айтып, көшеге жол жабындысы керектігін алға тартқан болатын. Сондай-ақ ҰОС ардагерлеріне арналып ескерткіш тақта орнатылса деген ұсыныс-пікірлерін білдірген еді.
Аз ғана уақыт ішінде аудандық бюджеттен ескерткіш тақтаға қаржы қаралып, жұмыстар толығымен аяқталса, бүгінде Сұлутөрдегі көшелер тақтайдай тегіс.
Сонымен қатар Пригородное ауылы Сұлутөр болып қазақша атауға өзгертілді.

Балаларға базарлық

Сарысуда Балалар жылы аясында бүлдіршіндердің игілігіне тағы бір алаңша пайдалануға берілді. Саудакент ауылындағы спорттық жаттығу құрылғысының ашылу салтанатына аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев- пен қатар, ауыл ақсақалдары мен жеткіншектер қатысты.
«NUR Taraz» ЖК демеушілігімен жалпы 6,4 миллион теңге қаржы бөлініп, бірқатар ойын элементтері және спорттық құрылғылармен жабдықталған жаңа алаңша тұрғындардың игілігіне тапсырылды.
Ауыл тұрғындары балаларға жасалған қамқорлық үшін алғыстарын білдірді.

Дайындаған Дариха Үмбетиярова

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.