Қалалық қоғамдық-саяси газет

АУДАН ӘКІМІ ДӘРІХАНАЛАРДЫ АРАЛАДЫ

0 256

Бүгін аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев аудан орталығындағы дәріханаларды аралап шықты.

Аудан басшысы бірінші кезекте қажетті дәрі-дәрмектің дәріханаларда болуына көз жеткізді.

Әрбір дәріханаға арнайы барған аудан әкімі дәріхана меңгерушілерімен және фармацевт мамандармен сөйлесіп, жұқпалы індетке байланысты қажетті дәрінің мүмкіндігінше болуын атап көрсетті.

– Қазіргідей жағдайда дәріханалар тұрғындар сұранысын қамтамасыз ету қажет.

Инфекцияға қатысты дәрі-дәрмек тұрақты жеткізіліп, қауіпті індеттің алдын алуға бар күш-жігерді жұмсағанымыз жөн.

 

Сондай-ақ карантиндік талаптарға сәйкес дәріханаларда тұрғындар арақашықтықты сақтауы тиіс.

Жалпы ауданда дәрі тапшылығын болдырмау үшін жұмыла жұмыс жасауымыз қажет, – деді аудан басшысы.

Аудан орталығындағы дәріхана иелері бүгінде дәрі іздеген тұрғындар саябырсығанын жеткізді.

Дәріханаларды аралау барысында М.Сұлтанғалиев дәрі-дәрмек шекті бағадан қымбат сатылмауын ескертті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.