Қалалық қоғамдық-саяси газет

Аудан күндерін мойынқұмдықтар түйіндеді

0 174

Бүгін «Баласағұн» орталық концерт залында«Туған жерім – дархан далам» атты Мойынқұмауданының Тараз қаласындағы күндері өтті,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жоба аясында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, шаһар тұрғындары мен қонақтары мойынқұмдықтардың тыныс-тіршілігімен, мәдениетімен етене жақын танысты. Мәселен,Мойынқұм аудандық білім бөлімі мен музейіұйымдастырған «Мойынқұм табиғаты», «Жазылбек – 125», «Көне бұйымдар»  атты көрмелер,  Қазақ, өзбек, ұйғыр, татар, орыс ұлттарының ұлттық көрмесі жанға жылу сыйлады. Сондай-ақ асық ату, тоғызқұмалақ, арқан тарту, кір тасын көтеру, қол күрес, ләңгі тебу сынды ұлттық спорт ойындары да назардан тыс қалмады. Бұдан бөлек өңірдегі өндіріс орындары шығаратын өнімдерінің (эталондарын) көрмесін, қолөнер бұйымдар көрмесі көпшілік назарына ұсынылып, шара соңында қала тұрғындары мен қонақтары Мойынқұм ауданы өнерпаздарының концерттік бағдарламасының куәсі болды.

Мәдени шара аясында эстрада жұлдыздары Ерлан Орынбасар мен Баян Нұрмышева әннен шашу шашып, «Құт дарыған, Мойынқұм!» аттытеатрландырылған қойылым көрсетілді.

Сонымен қатар ауылшаруашылық өнімдерініңжәрмеңкесі өткізіліп, экологиялық таза өнімдер қолжетімді бағада сатылымға шығарылды.

Шараны облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған азаматтар тамашалады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.