Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ауқымды істер жалғасын табады

0 167

Барлық заманауи тәуекелдер мен жаһандық жанайқайды қоса алғандағы қазақстандық рухани құндылықтың жандануына бағытталған Елбасының бағдарламалық мақаласының қалай іске асып жатқандығын білу мақсатында қала әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлана Сламбековамен сұхбаттасқан едік.

– Ұлана Сламбекқызы, бүгінгі таңда «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының қала бойынша іске асырылуы туралы айтып өтсеңіз.

– Жалпы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын Тараз қаласында іске асыру жөніндегі 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген. Жоспарға 92 іс-шара енгізілген, ондағы қаражат көлемі 106, 350 млн теңгені (оның ішінде 10,350 млн теңге жергілікті бюджеттен, 96,0 млн теңге демеушілер есебінен) құрайды. Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» жобасы аясында өткізілетін ауқымды 11 іс-шараның тізімі қосымша бекітіліп, облыстық жобалық офиске жолданды. Атап айтқанда, «RAIHAN GUL» жеке меншік бөбекжай-бақшасының ашылуы, «Латын әліпбиі – мәңгілік елдің рухани жаңғыруы» атты семинар, «Домбыра-дастан» домбыра күніне арналған іс-шара, әуе, зымыран, көлік, кеме құрастырудан облыстық чемпионат, «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялар байқауы, «Кітап fest-2020» іс-шарасы, «Өнегелі әже, өнерлі немере» көрмесі, «Шеберлер қаласы» атты шеберлік сынып, «Қолөнершілер қалашығы» этнофорум, «Ұлы Жібек жолы әуендері» әртүрлі аспапта орындаушылар арасындағы фестиваль, «Бес қару» ұлттық ойындар фестивалі, классикалық әуендер. Ағымдағы жылы қала көлемінде жалпы бағдарлама аясында 175 іс-шара ұйымдастырылып, оған 30 000-нан аса қала тұрғыны қамтылды.

– Бағдарламалық мақаланың арнайы жобалары бойынша да жұмыстар атқарылып жатыр. Соның ішінде «Туған жер» арнайы жобасына тоқталсаңыз.

– «Туған жер» арнайы жобасы аясында 2019-2020 оқу жылында мектептерге «Өлкетану», «Туған өлке тарихы» курстары 7-8 сыныптарға енгізілді. 7122 оқушы туған өлкенің тарихы мен мәдениетімен танысып, өз еліне деген патриоттық қасиеттерін аталған сабақтар аясында қалыптастыра алды. 2019-2020 оқу жылында 5-7 сынып мектеп оқушыларын «Өлкетану» оқулығының хрестоматиясымен қамтамасыз ету мақсатында 4 217 дана алынды. Бұл 18,7%-ды құрайды. 5-7 сынып мектеп оқушыларын «Өлкетану» оқулығының хрестоматиясымен 100%-ға қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы 20053 (5-сынып оқушылары үшін – 8470, 6-сынып оқушылары үшін – 7771, 7-сынып оқушылары үшін – 3812) данаға жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылып, ағымдағы жылдың қыркүйек айында 5-7 сынып оқушыларын 100%-ға қамту жоспарлануда. Барлық білім беру мекемелерінде ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында 5-7 сынып оқушыларымен Тараз қаласының мұражайлары, тарихи-мәдени ескерткіштері мен кітапханаларында 283 мұражай сабақтары ұйымдастырылып, барлығы 5600 оқушы мектептен тыс жерлерде білімдерін кеңейтті.

– Бұл – тек бір бағыт бойынша атқарылған жұмыстар. Мақаланың басқа жобалары туралы не айтасыз?

– «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» арнайы жобасы аясында орта мектептерде кітап оқуға ынталандыру үшін сүйікті кітаптарды таныстыру мақсатында «Book daiting» атты танымал тұлғалар, ақын, жазушылармен 6 кездесу өткізілді. Ал «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы бойынша жеңімпаздар – спортшылар З.Габидуллина, А.Таңатаров, Қоғамдық кеңес төрағасы С.Сейдазимовпен мектеп оқушылары арасында «Taraz Talks» мотивациялық 13 кездесу өткізілді. «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру» арнайы жобасы бойынша «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Тараз қаласы бойынша филиалы, «Каспий банк» қызметкерлері арасында «Латын әліпбиі – мәңгілік елдің рухани жаңғыруы» атты семинар, «Латын тілі – жарқын болашақ кепілі», «Ұлы дала болашағына қадам – латын әліпбиі» тақырыптарында кітап көрмелері, «Жаңғыру жазудан басталады» ақпараттық шолу, «Латын әліпбиі – мәңгілік елдің рухани жаңғыруы» семинар өткізілді. «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы бойынша Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай 110 іс-шара өткізіліп, оған 10 000-нан аса адам қамтылды. Баспа басылымдарда 59 материал, телеарналарда 30 сюжет, әлеуметтік желілерде 2982 материал жарияланды. 15 сыртқы көрнекі ақпарат құралы орналастырылды. Қаланың кіреберіс қақпаларында Абайдың сөздері жазылды. Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай 23 іс-шара өткізіліп, оған 5000-нан аса адам қатысты. Алтын Орданың 750 жылдығына орай 9 іс-шара өткізіліп, 2000-ға жуық адам қамтылды. Сонымен қатар Жеңістің 75 жылдығына орай мектеп оқушылары мен жастар арасында «Мәңгілік полк», «Мен батырдың ұрпағымын» челленджі мен онлайн тәрбие сағаттары, #atamnynamanaty, «Ұрпақтар ұмытпайтын ұлы жеңіс» атты онлайн форматта іс-шаралар өтіп, баспа басылымдарда 41 материал, телеарналарда 74 сюжет, 3 ролик, ақпарат агенттіктерде 130, әлеуметтік желілерде 3208 материал жарияланды. Бағдарламаның «Туған жер» кіші бағдарламасы аясында демеушілер мен меценаттарды тарту жұмыстарына тоқталар болсақ, 2020 жылы демеушілер тарапынан 77,0 млн теңгеге 3 нысан ашылып, 1 пәтер берілді, 133,9 млн теңгеге қайырымдылық көмектер көрсетілді.

– Әлемді дүрліктірген індеттің салдарынан орын алған жағдайға байланысты қала бойынша қайырымдылық танытып, қиын-қыстауда бір-біріне қол созған азаматтар аз болмады. Карантин кезінде атқарылған жұмыстардың легіне тоқталып өтсеңіз.

– Коронавирус инфекциясы бойынша жұмыс жүргізіп жүрген дәрігерлер мен ем қабылдап жүрген науқас жандарға қолдау көрсету мақсатында кәсіпкерлер тарапынан демеушілік көмектер көрсетілді. Атап айтқанда, жеке кәсіпкер М.Лештаева мен журналист-блогер М.Анарбаева, «Тараз 24» АИА-ның ақпараттық қолдауымен «Гауһартас» мейрамханасында ас әзірленіп, коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлерге және емделуші науқастарға таратылды. Сондай-ақ жеке кәсіпкер Г.Телібаеваның демеушілік қолдауымен облыстағы жұқпалы аурулар ауруханасында коронавирус бойынша ем алып жатқан 150 науқас пен 82 медицина қызметкеріне түскі ас (қой етінен ыстық сорпа мен қуырдақ) жеткізілді. Түстік ас қаладағы «Баян Шырын» мейрамханасының асханасында әзірленді. Сонымен қатар туберкулезге қарсы аурухана жанынан ашылған провизорлық стационардағы науқастар мен ақ халаттыларға да ыстық тамақ жеткізілді. Аталған денсаулық сақтау нысанына қалалық әкімдіктің қолдауымен кәсіпкерлер атынан 200 нан, 200 бөтелке (1 л) су, қой етінен әзірленген ыстық сорпа пен палау берілді. Сондай-ақ қаламыздың белсенді кәсіпкерлері аталған індетпен күресу барысында азаматтық белсенділіктерін танытып, тыныс алу аппараттары мен қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге қолдау көрсетуде. «Қымызмұрындық» шарасы аясында тараздық кәсіпкерлердің қолдауымен COVID-19 дертін жұқтырғандар ем алып жатқан көпбейінді балалар ауруханасына 100 литр ақ сусын (қымыз) жеткізілді. «Қайырымдылық – жүректен» акциясы аясында Тараз қаласы әкімдігінің қолдауымен тараздық кәсіпкерлер атынан кезекті 1000-нан астам мұқтаж отбасыға азық-түлік пакеті табысталды.

– Алдағы жоспар қандай?

– Ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында бизнес-құрылым өкілдерін, меценаттарды, үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерлерді ынталандыру, көтермелеу және Отанын дамытуға шақыру, азаматтардың белсенділігінің үздік тәжірибесін тарату, қайырымдылық қызмет, меценаттық пен мейірбандық идеяларын танымал ету мақсатында жыл сайын өткізілетін «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі ұйымдастырылады. Демеушілер есебінен «ARAI-ELITE» жалпы білім беру мектеп-гимназиясының құрылысы, 900 орындық 11 сыныптық жеке меншік мектебінің құрылысы жүргізілмек. Сондай-ақ сыйымдылығы 850-1400-ге дейінгі «Келешек Тараз» ғылыми зияткерлік мектеп-лицейі 1 қыркүйектен бастап өз жұмысын бастамақ.


– Әңгімеңізге рақмет.

Сұхбаттасқан Зере Қуаныш

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.