Қалалық қоғамдық-саяси газет

Атырауда жасөспірім қыздардың төбелесі видеоға түсіп қалды

0 1  010

Атырауда колледж студенттері сабақтан шыға сала, шаштарын жұлып, төбелесті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Төбелес Атырау қаласында орналасқан Құқық және бизнес колледжінің маңайында болған. Сабақтан шыққан осы колледждің қыздары бір-бірлерімен төбелесіп, шаштарын жұлып, тепкінің астына алған. Жасөспірімдердің не үшін төбелескені белгісіз.

“Төбелескен жасөспірімдер анықталып, ата-аналарына хаттама толтырылды. Іс Атырау облыстық ауданаралық мамандандырылған кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотына жолданды, – деп хабарлады Stan.kz тілшісіне Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сот істің әлі келіп түспегенін мәлімдеді. Сол себепті әзірге соттың тентек қыздардың ата-аналарына қандай жаза қолданатындығы белгісіз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.