Қалада ауа райы күрт бұзылып, қатты жел тұруда. Жел салдарынан қала аумағында кейбір көшелерде талдар құлап, тұрғындарға қолайсыздық тудыруда.
Дегенмен, «Жасыл ел – Тараз» мекемесінің жұмысшылары құлаған талдарды жинап, тұрғындар қауіпсіздігі үшін тиісті жұмыстарды атқаруда.
Қазіргі таңда Мәмбет Батыр көшесі, айыптұрағының маңы, Абай даңғылы, № 150, Құрманғазы көшесі, №40, Әуезов көшесі, № 6, Тілеміс ақын көшесі, № 140, Өтеген батыр көшесі, №55, Төле би даңғылы №2, Байзақ батыр көшесі, №189, Гончарова көшесі, №7, Абай даңғылы, №120, «Даңқ» аллеясы – жалпы 12 мекенжайдағы құлаған талдар кесіліп, тазарту жұмыстары жасалды.
Сондай-ақ тағы 5 мекенжайда «Жасыл ел – Тараз» мекемесінің жұмысшылары тазалық жұмыстарын атқаруда.