Қалалық қоғамдық-саяси газет

Атауы айшықты оқу ордасы

0 357

Елорда мен егемендік қашанда егіз ұғым. Сондықтан болар астанамен байланысты атаулар жиі кездеседі. Мұндай нысандар шаһарымызда да жетерлік. Бүгін солардың бірқатарына тоқтала кетпекпіз…

Облыс орталығында «Астана» көпсалалы колледжі, «Астана» қонақ үйі, «Астана» мейрамханасы бар. Солардың ішінде көпсалалы колледждің орны ерекше. Оқу ордасында бүгінде 300-ге жуық білімгер оқиды екен. Мұнда студенттер мектептен кейінгі тәрбие және оқыту, педагогика, аударма ісі, жерге орналастыру бағдарламашы, қаржы сынды қоғамға аса қажетті мамандықтар бойынша тәлім алуда. Биыл ашылғанына 13 жыл толған білім ордасының материалдық-техникалық базасы соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен, зертханалармен қамтамасыз етілгенін бірден байқауға болады. Колледждің мәжіліс, спорт залдары мен этнокабинеті, асханасы да заман талабына сай жабдықталған.
– Әрине, оқу ордамыздың «Астана» деп аталуы зор жауапкершілік жүктейді. Елорда мемлекетіміздің символы болғандықтан біздің де білім саласының көшінен қалып кетуімізге болмайды. Сол үшін сапалы білім мен саналы тәрбие беруге тырысып келеміз. Бұған колледжде еңбек ететін 23 ұстаздың барлығы да үлес қосуда. Ұстаздарымыз жыл сайын біліктіліктерін көтеріп, шеберліктерін шыңдап отырады. Білімгерлеріміз де түрлі сайыстар мен іс-шаралардан тыс қалып көрген емес, – дейді колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Айша Әжіханова.
Әрине, «астана» деген сөзің ауқымы кең, мағынасы терең. Сондықтан оған сай болу заңдылық іспетті. Ендеше, атауы айшықты оқу ордасының алар асуы биік болғай!

Лаура Абайқызы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.