Қалалық қоғамдық-саяси газет

Атқаратын жұмыс аз емес

0 14

Қалалық әкімдік ғимаратында жетінші шақырылған Тараз қалалық мәслихатының кезекті үшінші сессиясы өтті. Депутат Нұрлан Әбілдаевтың төрағалығымен өткен сессияға Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев қатысты.

Арайлы СЕРІКҚЫЗЫ

Ең әуелі мәслихат хатшысы Батырбек Құлекеев сессияға қатысушылар алдында есеп берді. Сондай-ақ депутаттар қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы бірқатар мәселелерді қарады.

– Бүкіләлемдік індет қаламыздағы барлық салаға өзінің кері әсерін тигізбей қоймады. Соған қарамастан, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қомақты қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары, жол салу, тротуарлар салу, аула алаңдарын абаттандыру әлеуметтік нысандырды жөндеуден өткізу бойынша жұмыстар тоқтаусыз жұмыс істеді. Бүгінгі күні дүниежүзілік пандемияға қарамастан, қала тұрғындары арасында тойлар мен ас беру рәсімдері тоқтамай жатыр. Құрметті депутаттар, барлығымыз жабылып, тұрғындар арасында санитарлық талаптарды сақтау керектігі туралы үгіт-насихат жұмыстарын жандандыру керектігін сұраймын. Тараз қаласында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалардың сапасын бақылау және елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазалығын қадағалау бойынша жұмыс топтары құрылып, мәслихат депутаттары белсенді түрде аталған іс-шаралардың басы-қасында жүріп, нысандардың уақтылы әрі сапалы атқарылуына бақылау жасау бойынша өз үлестерін қосты. Құрылыс жұмыстары уақтылы аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді, – деді Батырбек Құлекеев.
Сондай-ақ хатшы өз баяндамасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін насихаттау және түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттау тобының жетекшісі ретінде атқарған жұмыстар легін баяндады. Бүгінде қаладағы әлеуметтік сала бойынша жұмыс атқаратын мекемелерде 10 рет кездесу өткізіліп, тұрақты түрде жүргізілуде. 2020 жылы қалалық мәслихат аппаратына 328 кіріс хат алмасу, 46 өтініш жеке тұлғалардан, 11 өтініш заңды тұлғалардан келіп түсті. Шығыс хат алмасу 345 құжат бойынша дайындалды. Мәслихат хатшысы ретінде тұрақты түрде сайлаушылардың жеке сауалдары бойынша қабылдау жүргізіліп, 73 адам қабылдауда болып, өтініштері қаралды. Олар көшелерді асфальттау, ауланы абаттандыру және балалар алаңшасын орнату, газ, ауыз су кіргізу, жарық орнату, көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы, материалдық көмек, тұрғын үй кезегіне тұру, азаматтарды жұмысқа орналастыру туралы мәселелерді қойды.

Сессия барысында депутаттар Тараз қаласының прокуроры Жамбыл Сматовтың, А.Каримов пен М.Кошмамбетованың депутаттық өтініштері бойынша сөйлеген сөзі тыңдалды. Сонымен қатар олар күн тәртібіне қойылған Тараз қаласының бірқатар құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау бойынша ұсынысқа дауыс берді. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты шарттардың жобасы бойынша Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Біржан Башановтың баяндамасы тыңдалды.

Сондай-ақ сессия барысында «Тараз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, арналған тарифтерін бекіту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 ақпанындағы №42-7 шешімінің күші жойылды деп тану туралы, Тараз қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 ақпандағы №42-3 «Тараз қалалық қоғамдық кеңестің қалыптастырылған құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Тараз қаласы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктер мен байланыстар жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы, Тараз қаласы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес құрамын бекіту туралы, Тараз қаласы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы және осыған ұқсас бірнеше шешім жобасына дауыс берілді. Күн тәртібіндегі мәселелер қаралған соң, жаңадан тағайындалған шаһар басшысы Ержан Жылқыбаев сөз алып, алда атқарылуы тиіс жұмыстар туралы баяндады. Өз сөзінде ол қалалық мәслихат депутаттарының алдында да біраз міндеттер тұрғанын тілге тиек етті.
Жиын соңында келесі сессияның төрағасы болып бірауыздан Серікжан Абдикеримов сайланды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.