Қалалық қоғамдық-саяси газет

Асланбек Шымбергенов зияткерлік мектептің оқушыларымен кездесті

0 282

«Даналық бейсенбі» жобасы ясында бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов Тараздағы НЗМ-де қонақта болып, оқушылармен кездесті.

Спорт шеберіне оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кездесу еркін форматта өтті.
Әлем чемпионы кездесу барысында өзінің балалық шағын еске алып, спорт саласындағы жетістіктерге жетудің қызық әрі қиындықтарымен бөлісті.
– Мен әке сөзінен тәрбие алдым. Мен үшін әкемнің әр сөзі-өмірлік сабақ. Бала күнімде боксқа қызығушылығым соншалықты, әкем басында қарсылық білдірсе де белімді буып, спорт жолына ақ батасын берді.
“Жақсыдан үйрен” демекші жасөспірім кезімнен еліміздің боксшылары Бахтияр Артаев, Серік Сапиев ағаларымызға еліктеп өстім.
Ең алғаш боксқа алып келген туған ағам болды.
Бокспен жаттығып жүргенде алдыма мақсат қойып, соған жетуді, талмай еңбектенуді үйрендім. Елді құрметтеп, нағыз патриоттың қандай болатынын түсіндім.
Чемпион болудағы сезім бөлек қой. Көк байрағымыз желбіреп, әнұранымыз шырқалғанда кеудемді бір мақтаныш сезімі кернеп, қазақ елінің атын шығару маған ерекше қуаныш сыйлады.
Аслан Шымбергенов жас шәкірттерге өмірде мақсат қоя білу мен мақсатқа жетудің ең бірінші сатысы ол тәртіп болса, екіншісі үздіксіз еңбек екенін айтып, білім жолында биік жетістіктерге жетулеріне сенім білдірді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.